ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

Jaspace кеңістігі осы жылдың шілде айында пайдалануға берілген Атырау қаласындағы оқушылар мен Студенттер сарайының ғимаратында орналасқан. Jaspace-те STEM аймағы, Амфитеатр, лаунж аймағы, компьютерлік және медиа зертханалар, сонымен қатар ағаш және лазерлік өңдеу фрезері бар шеберхана бар.

Jaspace кеңістігі «Шеврон» компаниясының “Атырау жастарын дамыту бастамасы (AYDI)” жобасының бір бөлігі болып табылады. Бұл бастама жастарды экономикаға бейім және әлеуметтік тұрғыдан белсенді етуге, әрі Атырау қаласын ашық, инклюзивті және тең құқықты қала ретінде дамытуға бағытталған. AYDI жобасын Атырау облысы әкімдігімен серіктестікте British Council, Impact Hub Almaty және Urban Forum Kazakhstan-нан тұратын коалиция әзірлеп, басқарады.

Covid-19 пандемиясына байланысты, кеңістіктің ресми ашылуы 5 қыркүйекте онлайн форматында AYDI-дың Facebook, Instagram және YouTube парақшаларында өтетін болады. Ашылу аясында «креативті экономика — контекстен тыс табыс» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтеді. Іс-шарада келесі сұрақтар талқыланатын болады: «креативті экономика дегеніміз не және айырмашылығы неде? Шығармашылық экономика аясында сәтті жобаны қалай құруға болады?» Спикерлер ретінде The Village Қазақстан және Masa Media жобаларының негізін қалаушы Айсана Әшім, кәсіпкер және бизнес жаттықтырушы Ғани Абадан, «I-SEED» атты әлеуметтік кәсіпкерлік жобасының менторы Күнжамиля Сахайн және PR-маманы, подкастер және блогер Марина Шарипова қатысады. Олар креативті экономика секторында табысқа жету үшін қандай қиындықтарды жеңу керектігін талқылайды және инсайттар мен ұсыныстарымен бөліседі.

Ашылу бағдарламасына тегін онлайн-воркшоптар кіреді. Қатысу үшін төмендегі сілтемелер бойынша тіркелуге болады:

Python бағдарламалау негіздері бойынша 5 күндік воркшоп (31 тамыз — 4 қыркүйек). Воркшопқа қатысу үшін 16 жастан бастап қатысушылар шақырылады. Қатысушылар Python 3 тілінде бағдарламалау негіздері бойынша базалық білім алады. Воркшоп мәліметтер түрлері, айнымалылар, бұтақтар және циклдер сияқты бағдарламалаудың негізгі тұжырымдамаларымен таныстырады, сонымен қатар Python негізгі мәліметтер құрылымын — тізімдерді, сөздіктер мен кортеждерді қолдануды үйретеді. Сондай-ақ, функциялар, тізімдерді қосу, лямбда функциялары және кітапханалар сияқты жетілдірілген ұғымдар туралы білетін болады.

Instagram және Facebook платформаларына арналған AR (Augmented Reality) маскаларын жасау бойынша бастаушыларға арналған 3 күндік онлайн-практикалық семинар (2-4 қыркүйек). Семинар үш практикалық бөлімнен және трендтік креативтердің 3 түрін талқылаудан тұрады. Семинарға қатысушылар базалық құралдармен, spark AR құралын пайдаланудың жалпы қағидатымен жұмыс істеуді, бағдарлама интерфейсін бағдарлауды үйренеді және семинарда бірнеше маска жасайды. Курстың нұсқаушылары — Samsung, Toyota, Pepsi, VISA, BOSCH, Loreal, Huawei және Xiaomi сияқты жаһандық брендтер үшін 100-ден астам шығармашылықты жүзеге асырған үш үздік креаторлар.

Әлеуметтік желілердегі маркетинг бойынша 3 күндік воркшоп (2-4 қыркүйек), нұсқаушы, маркетолог Расул Абдуллаевпен бірге воркшоп қатысушылары маркетингтің негізгі құралдарын анықтап, сәтті кейстерді қарастырады.

Мобилография бойынша екі күндік воркшоп (3-4 қыркүйек), онда қатысушылар визуалды мазмұн идеясын қалай ойлап табуға және фотосуреттер мен бейнелер үшін қызықты композициялар жасауды үйренетін болады. Сонымен қатар, түстерді түзету, аудио және видео монтаж бойынша негізгі дағдыларды алуға мүмкіндік болады.

Кейіннен Jaspace бағдарламасы Атыраудағы жастар мен қоғамдастықтардың қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін және неғұрлым гүлденген және қауіпсіз қала мен өңірдің дамуын қолдайтын бағытта қалыптастырылатын болады. Жобаның мақсаты — адамдардың біліктілігін арттыруға және жергілікті деңгейде нетворкингке оң ықпал ету.

Related posts

ҚАЗАҚ ПИАРШЫЛАР КЛУБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Назия Жоямергенқызы

ТИІМДІ СЕРІКТЕСТІК

ttjk

COVID-19: Қазақстанда екінші толқын басталды

ttjk