Жамбылда каннабис өнімдерін таратқан топтың жолы кесілді

Ішкі істер министрлігі “Заң мен тәртіп” қағидасы бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Жамбыл облысында ұзақ мерзімді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ірі көлемде каннабис тобына жататын есірткі заттарын өткізуімен айналысқан төрт тұрғыннан тұратын қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.

Күдіктілердің тұрғылықты жерлері бойынша жүргізілген тінту барысында 100 келіден астам кептірілген марихуана, 2 келіден астам гашиш және каннабис шайыры тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Осы баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Қазіргі уақытта ұсталған тұлға-ларға қатысты есірткі заттарын өткізу бойынша қосымша 7 факт анықталуда, сондай-ақ есірткі жеткізу арналарының басқа өңірлерге бағытталған жолдары белгіленуде.

Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Related posts

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 48,6 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ 43 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Island Time: Ulla Johnson Shares Her Travel Diary From Greece

ttjk

Доступный туризм для всех: как активисты развивают инклюзивный туризм в Акмолинской области

ttjk