Жамбы атудан жарап тұрмыз

Жамбы атудан Ералхан Айкөз алтын жүлделі болды.

Жамбы ату спортының түрік стилінен алтын жүлдені Ералхан Айкөз, ал қоланы Айтбек Сарыбай жеңіп алды, деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

Жарыс нәтижесі бойынша Ералхан Айкөз алтын жүлдеге ие болды. Екінші орынды түркиялық спортшы Егит Керем алды. Қола жүлдені Айтбек Сарыбай еншіледі.

Жамбы атудан бәсеке «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатыр. Сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы тіркелген.

Related posts

Полиция қызметкеріне пара ұсынып, қылмыстық жауапқа тартылды

editor

Некеге тұрған жастарға пайызсыз несие берілмек

editor

Halyk Bank клиенттеріне 5% бонус береді

ttjk