Жаңа жылдық мерекелерге ақша жинауға тыйым салынған

Мектептерде жаңа жылдық іс-шараларға ақша жинауға жол берілмейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметтегі брифингте айтқан.

Оның айтуынша, кез келген іс-шара көңіл көтеруге емес, балаларды тәрбиелеуге бағытталуы керек.

«Бұрын да айтқанымыздай, мектептерде ешқандай ақша жинау болмауы керек. Осы және басқа да іс-шаралар бойынша үнемі министрлік бұйрығымен тыйым салынғанын айтып келемін. Сондықтан мектептерде ешқандай ақша жинауға жол берілмейді. Бұл жаңа жылдық шыршаларға, мерекелік кештерге де қатысты. Кез келген іс-шараны ақша жинамай-ақ өткізуге болады» деді ол. Сондай-ақ, министр мереке қарсаңында мұғалімдердің ешқандай сыйлық күтпейтініне де ерекше тоқталды.

Related posts

Ақпараттық жұмыс уақтылы әрі сапалы жүргізілгенде қоғамда дүрбелең тудырған қоғамдағы түйткілдерді ушықтырмай шешуге болатын еді

editor

BURSA: GELENEKTEN GELECEĞE AKAN ŞEHİR

ttjk

«Қазақтың Қожасы»: танымал актер Нұрлан Сегізбаев дүниеден өтті

Назия Жоямергенқызы