Жаңа оқулықтар сынақтан өтіп жатыр

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің 31 пилоттық мектебінде Оқу-ағарту министрлігі республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының басшылығымен 2025-2026 оқу жылына арналған жаңа оқулықтарды сынақтан өткізіп жатыр.

Ондағы мақсат — жаңа оқу бағдарламасы негізінде әзірленген 4-сыныпқа арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мазмұнының сапасын анықтау, сондай-ақ мектептер үшін тиімді оқу материалын таңдау.

Апробация 4-сыныпқа арналған мына оқулықтарды қамтиды: «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу», «Орыс тілі» (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), «Шет тілдері» (ағылшын, неміс, француз) және «Цифрлық сауаттылық» (электрондық оқулық).

Апробацияға педагогтер мен оқушылар қатысуда, бұл оқулықтардың функционалдығы мен тиімділігі туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді.Орталық бес сатылы сараптама жұмысын жүргізеді: ғылыми-педагогикалық сараптама, пысықтау кезеңі, пилоттық мектептерде сынақтан өткізу, қоғамдық талқылау және пәндік сараптама комиссиясы.

Сарапшы болуға өтініш бергісі келетін мұғалімдер bmso.kz ресми сайтында сауалнамадан өте алады.

#оқуағарту #білім #мектеп #оқулық

Related posts

«ҚАШЫҚТАН ОҚУ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ»

ttjk

«Шеврон» запускает «Караван Знаний» в Казахстане.

ttjk

Педагогикалық білім беруге мән берілуде

Назия Жоямергенқызы