Жүрегі соқпай қалған жігіт құтқарылды

Шымкенттік дәрігерлер 10 минут бойы жүрегі соқпаған науқастың өмірін сақтап қалған.

Қырық жастағы науқас №2 қалалық ауруханаға «гиповолемиялық шок» және «бүйрек жетіспеушілігі» диагнозымен аса ауыр жағдайда жеткізілген.

«Науқастың жүрегі 10 минутқа тоқтап қалды, оны дереу реанимация бөліміне жатқызды. Жедел жүргізілген реанимациялық шаралардың арқасында дәрігерлер жүрек ритмін қалпына келтіріп, науқасты жасанды тыныс алу аппаратына қосты», делінген хабарламада.

Ер адам бес күн бойы нефрология бөлімшесінде ем алып, жағдайы жақсарған. Реаниматолог Жасур Мұхитдинұлының айтуынша, дәрігерлер тобының үйлесімді жұмысының арқасында науқастың жағдайын тұрақтандыру мүмкін болған. Қажетті ем-домнан  үйіне шығарылған.

Related posts

Түркияның ең танымал керуен жолдары

Назия Жоямергенқызы

Более миллиона кроватей в турецких отелях теперь проверены и сертифицированы на предмет устойчивого развития

Назия Жоямергенқызы

А. Ертаев Азия-Тынық мұхиты аймағындағы әріптестерін Қазақстандағы көші-қон процестерімен таныстырды