“ҮЗДІК МҰҒАЛІМ”-2022 БАЙҚАУЫ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, «2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Республикалық байқау комиссиясы  өз мамандығы бойынша үздіктердің ішінен үздіктерді таңдаған. Қазақстандық 43 ЖОО-ның 150 оқытушысы жеңімпаз атаныпты.

Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алатын болады, бұл шамамен 6 млн теңгені құрайды. Ақшалай ынталандырудан басқа «2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздары төсбелгіге ие болады.

Конкурс жыл сайын оқытушы кәсібінің беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамытуға ынталандыру мақсатында өткізіледі.

«Конкурсқа еліміздің 71 жоғары оқу орнынан барлығы 775 үміткер қатысты. Конкурста электронды оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. сияқты көрсеткіштер, сондай — ақ үміткердің оқыту сапасы, оның бакалавриатта, магистратурада және докторантурада кадрлар даярлау жөніндегі еңбегі бағаланды»,-деп атап өтті Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Айта кетейік, конкурс ҚР ҒЖБМ ақпараттық жүйесінің базасында өтті, оның көмегімен қатысушылар барлық кезеңдердің ашықтығын бақылай алды. «2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсына қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар да электрондық форматта қабылданды. Бұл конкурсты өткізудің ашықтығын қамтамасыз етті. Сондай-ақ, комиссия құрамына ҮЕҰ, ЖОО қауымдастықтарының өкілдері және білім беру саласындағы сарапшылар енгізілді.

Сабит Сабина Ғабитқызы,
Алматы қаласындағы 24 лицейдің 11- сынып оқушысы.

Сурет: “Айқын” газеті.

Related posts

В Алматы стартует прием заявок на ипотечную программу «Алматы жастары»

Назия Жоямергенқызы

Измир мен Бодрум түрік MICHELIN гид картасына қосылды

ttjk

Enjoy the fresh summer flavours of Türkiye!

ttjk