Заң талабын орындамаған директор жазаға тартылды

Жетісу облысы Ақсау ауданындағы 35 орта мектептің директоры қоластындағы мұғалімді ақысыз демалысқа жібермей қойғаны үшін тәртіптік жазаға тартылды.

Облыстық прокуратура мұғалімнің директор атына өтініш жазып, ақысыз демалыс сұрағанын растап отыр. Бірақ директор заңда қарастырылғандай, бес күн ішінде өтінішке қол қойып, мұғалімді өзі сұраған ақысыз демалысына жібермеген.

«Прокурор қадағалау актісін толтырғаннан кейін облыста жалпы 2 мыңға жуық қызметкердің құқығы қорғалған.  Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы.

Related posts

Қарулы күштерде Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан поэзиялық челлендж басталды

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН АҒЫЛШЫН ТІЛІ КУРСЫ

ttjk

Ұлттық мал өсірушілер байқауының бас жүлдесі жарияланды

ttjk