Заңсыз активтерді қайтарудан түскен қаржыға мәдениет орталығы салынады

Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі мәлім активтерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында тізілім субъектілерімен 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша 4 келісімге қол қойылғанын мәлім етті.

Биыл қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның субъектілері әлеуметтік-мәдени объектілерді салуға қатысуы қажеттігін атап өткен еді. Жүйелі жұмыс нәтижесінде құны 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобалар іске асырылмақ.

Солардың бірі — Алматы қаласында заманауи мәдениет орталығын салу жобасы.«Ғимараттың ауданы үш мың шаршы метрден асады және арнайы залдар мен әмбебап көрме алаңдарын, білім беру және демалыс орындарын қамтиды. Нысан іске қосылғаннан кейін жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарынан келушілерге тегін репетициялар мен шеберлік сабақтары өткізіледі деп күтіледі», делінген комитеттің хабарламасында.

Еске салсақ, заңсыз активтерді қайтару бойынша арнаулы мемлекеттік қорға 176,3 млрд теңге жиналды.

 

Related posts

Богатая сырная культура Турции очаровывает посетителей

Назия Жоямергенқызы

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

ttjk

Жол картасы: Алматы облысында 60 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

ttjk