ҚЫЗ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН MAKECAMP

Қоғам өміріне қыз балаларды бейімдеу, оларды белсенді болуға баулу, бойларындағы қабілетті ашу – мемлекет келешегі үшін маңызды мәселе. Мамырдың 27-сі мен Маусымның 7-сі арасында American Corner & Makerspace Astana шығармашылық орталығында “Шеврон” компаниясының демеушілігімен 13-16 жастағы қыздарға арналған алғашқы жаздық техникалық лагерь ұйымдастырылды.
Makercamp-тің басты мақсаты — қыздарды ғылымға, компьютерлік бағдарламалауға қарқынды іс-тәжірибеге толы сабақтар арқылы қызықтырып, технология саласына өз идеяларымен үлес қосуға ынталандыру.
Лагерь бағдарламасы бойынша, қыздар 2 аптаның ішінде 3D-модельдеу, Arduino негізінде бағдарламалау және прототип шығару негіздерін үйреніп шықты.
Оқыту барысында арнайы шақырылған мамандармен шығармашышылық кездесулер өтті. Ол кездесулерде жобалармен жұмыс жасау, жұмыс кезіндегі шығармашылықтың, тапқырлықтың және де қарым-қатынас құру өнерінің маңызы сияқты тақырыптар талқыланып, қыздардың болашағына қажетті сабақтар берілді. Оған қоса, қыздар нағыз өндіріс процессін өз көзімен көруге, мамандармен сұқбаттасу мүмкіншілігіне ие болды.
Лагерь қорытындысы ретінде қатысушы қыздар БҰҰ алдына қойған мақсаттар мен мәселелерге (аштық мәселесі, су сапасы т.б ) технологиялық шешім ұсыну керек болды.
Қыздарға арналған Makercamp-тің негізгі мақсаты болып өз идеяларын технология мен ғылым арқылы жүзеге асыруға шабыттандыру және ең бастысы — ынталандыру.
Makercamp-тің алғашқы командасына Қарағанды, Ақтау, Алматы және Нұр-Султан қалаларынан келген 16 қыз бала мүше болды. Қатысушылар арасындағы достықты нығайтудың ерекше бір сәті — астанамен танысу.
“Біз “PetSavers” тобымыз! Біздің жобамыз автоматты астау туралы. Лагерь кезінде бізге кез келген әлеуметтік мәселені шешу міндеті қойылды. Біз түрлі тақырыптармен шабыттанып, жануарларға қамқорлық көрсетуді идеясын таңдадық. Үй жануарлары үлкен жауапкершілікті талап етеді, бірақ кейде, адамдардың біздің кішігірім бауырластарымыз туралы ұмытып кететін кездері болады. Сол себептен, «Қазіргі әлемдегі әр адам гаджеттерге ие болса неге жануарларға бір гаджет ойлап таппасқа?» деген сұрақ туындады,” -деп Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары, Салкен Лейла мен Жүсіпова Бағила өздерінің идеясы жайлы бөлісті.
Н.Бисенова
Жалпы лагерь бойынша, Нұр-Сұлтан қаласының қатысушысы Амантай Фатима «Маған лагерьдің және Makerspace шеберханасының ынталандыруы ұнайды, бұл жерде міндетті түрде жоба жасауға талпыныс пайда болады!» деп бөлісті.
Топтар өз жобаларын АҚШ Елшілігі мен «Шеврон» компаниясының өкілдері алдында қорғап, соның ішінде ең жақсы 3 жоба ерекшеленді:
Windows XP — сырттағы ауа температурасымен әрекеттесетін, автоматты түрде ашылып-жабылатын ақылды әйнек
CodeGirls — көру қабілеті нашар адамдарға арналған, ақылды детекторы бар көзілдірік
Wonki — өртке қарсы дабыл

Қыздарға арналған MakerCamp стереотиптерді бұзуға және қыздарға өздерін нақты ғылымдарда сынап көруге, өздерін инженерлер мен бағдарламашылар ретінде елестетуге мүмкіндік беретін ерекше жоба.

Related posts

ЧЕМПИОНАТ НАЦИОНАЛЬНОЙ СТУДЕНЧЕСКОЙ ЛИГИ

ttjk

Modef Expo is Ready to Welcome 2000 VIP Buyers in 2015!

ttjk

АСТАНАДА QAZAQFORUM БАСТАЛДЫ

Назия Жоямергенқызы