Visa және Halyk Қазақстандағы She’s Next бастамасының үшінші толқынының жеңімпаздарын анықтады

15 тамызда Алматыда She’s Next, Empowered by Visa бастамасының үшінші толқынының соңғы кезеңі болған She’s Next Pitch Day іс-шарасы өтті. Финалистер қазылар алқасының алдында өздерінің бизнес-идеялары мен жоспарларын таныстырды, содан кейін үздік екі жоба («Қолданыстағы бизнес» санатында біреу және «Бастаушы бизнес» санатында біреу) анықталды.

Марапаттау рәсімінде жобаның негізгі номинациясы бойынша Visa компаниясынан әрқайсысы 7 миллион теңгекөлемінде грант, сондай-ақ Halyk-тан* 50 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген қаржыландыру алу мүмкіндігіне ие болған екі жеңімпаз жарияланды.

«Бастаушы бизнес» санатында бастаманың жеңімпазы болып Botaqan жобасының авторы Жанна Қазақбаеваатанды. Бұл жоба – ерте жастан бастап балалардың даму кезеңдерін қолдауға арналған ойын жиынтықтарын жеткізетін жазылым қызметін ұсынатын қосымша. Монтессори техникасынан шабыт алған ойыншықтар мен сабақтарды балалардың когнитивті, моторлы және сенсорлық дағдыларды дамыту мақсатында сарапшылар таңдайды. Әрбір жинақ белгілі бір жасқа бейімделген және ата-аналарға арналған баласының оқу процесін түсіну және жақсарту үшін жоғары сапалы, экологиялық таза ойыншықтар, кітаптар және нұсқаулықтарды қамтиды.

«Қолданыстағы бизнес» санатында бастаманың жеңімпазы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қосымша білім беру мектебінің жобасының авторы Меруерт Юсупова. Бұл мектепте 6-17 жастағы балалар ағылшын және қазақ тілдерін, бағдарламалауды үйренеді, сондай-ақ ҰБТ және IELTS тестіне дайындала алады. Меруерттіңкомандасы нашар көретін балаларға арналған бірегей оқыту әдісін әзірледі. Әдетте, көру қабілеті нашар балалар мектепті бітіргеннен кейін массаж терапевт мамандықтарын таңдайды немесе спортпен айналысады. Алайда, Меруерт ұйымдастырған жобаның арқасында аудармашы, бағдарламашы болуды немесе басқа мамандық алып, шетелдік жоғары оқу орнына түсуді армандайтындар осындай мүмкіндікке ие болады.

Сондай-ақ, She’s Next Pitch Day аясында «Халық таңдауы»номинациясында жобалары ең көп дауыс жинаған екі кәсіпкер марапатталды. Олар Visa-дан 3 миллион теңгекөлемінде грант, сондай-ақ Halyk-тан* 30 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген қаржыландыру алу мүмкіндігіне ие болды.

«Бастаушы бизнес» санатында Жансая Ахметсадық «Халық таңдауы» номинациясының жеңімпазы атанды. Оның бизнес-идеясы балалардың эмоционалды интеллектісіндамытуға бағытталған қазақ тіліндегі кітап жасау және басып шығару. Бұл жоба балалар мен олардың ата-аналарына өз сезімдерін жақсы түсінуге және білдіруге көмектесу ниетінен туындады, бұл өз кезегінде өмір сапасы мен жалпы әл-ауқаттың жақсаруына ықпал етеді. Жансаяның кітаптары ата-аналар мен балалар арасындағы эмоционалды байланысты нығайтуға ықпал ететін бірлесіп оқуға арналған. Осы кітаптар арқылы эмоционалды сауаттылық дағдыларын дамыту балалардың өмірдің әртүрлі аспектілеріндегі болашақ жетістіктері үшін маңызды негіз болады.

«Қолданыстағы бизнес» санатындағы «Халық таңдауы»номинациясының жеңімпазы Марина Мұқанова өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін сары май өндірудің дәстүрлі әдістеріне негізделген жоғары сапалы экологиялық таза сары майды өндіру және сату жобасын ұсынды. Марина сапалы сүт өнімдеріне сұраныстың артуын және жергілікті нарықта теңдес аналогтардың жоқтығын ескере отырып, өз бизнесінің жоғары әлеуетіне сенеді. Өнімнің басты артықшылығыжартылай фабрикаттар мен қоспаларды пайдаланбай, тек сүт пен табиғи ингредиенттерді қолдануы. Бұл өнімнің дәмі мен тұтынушылардың денсаулығына оң әсер етеді.

«Бірінші кезекте, Halyk басшылығының атынан барлық финалистерді көптен күткен финалға жету жолындағы барлық іріктеу кезеңдерін сәтті өтуімен құттықтағым келеді. Өр жобаларын таныстырған өршіл кәсіпкерлердің осындай ұзақ жолды өте алғанын байқап, біз әйелдер кәсіпкерлігінің жылдан жылға қарқынды өсіп келе жатқанына қуана қараймыз. Visa мен Halyk бірлесіп ұйымдастырған She’s Next сияқты жобалардың арқасында Қазақстан әйелдерінің өз ісін алғашқы қадамдарынан бастап көтеруге мүмкіндіктері артып келеді. Біз кәсіпкерлердің сұранысы қаншалықты жоғары екенін, бұл бағдарлама оларға қандай мотивация беретінін көреміз. Өзіміз Банк ретінде кәсіпкер әйелдер үшін жеңілдетілгенқаржыландыруды белсенді түрде ұсынып отырмыз: алты жыл бойы банктың өз бағдарламасы іске асырылуда, соның арқасында 550-ге жуық кәсіпкер жалпы көлемі 6 млрд теңгені құрайтын жеңілдетілген несие алды. Бұл өте маңызды көрсеткіш болғанымен, мен Қазақстанның кәсіпкер әйелдері үшін кемелдікке шек жоқ екеніне сенімдімін»,- деп атап өтті Halyk Басқарма төрағасының орынбасары Ольга Вурос.

«Біз Қазақстандағы She’s Next бастамасының үшінші толқынын керемет нәтижемен аяқтадық. Көптен күткен финал өтті, онда әр түрлі аймақтардан келген 12 финалисттің ішінен жеңімпаздар анықталды. Барлық қатысушылар таңғажайып жетістіктер мен шабыттандыратын кейстерді ұсынып, Қазақстанның түкпір-түкпірінде әйелдердің өз бизнесін қаншалықтытабысты дамытып жатқанын көрсетті. Естеріңізге сала кетейік, бұл бастамаға 15 000-нан астам қазақстандық кәсіпкер қатысты. Бүгін біз табысқа ұмтылатындардың барлығына үлгі болатын табандылығы зор кәсіпкерлерді қуана құттықтаймыз. Біздің серіктесіміз Halyk-қа алғыс айтқым келеді, соның арқасында біз осындай нәтижелерге қол жеткізе алдық. Сондай-ақ, «ASMAR» Қазақстан кәсіпкер әйелдерінің Ұлттық қауымдастығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінебастаманы қолдағаны үшін алғыс білдіреміз. Жаңа толқында кездескенше!«, – деп қорытындылады Украина, Грузия, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі Visa компаниясының аға вице-президенті және аймақтық менеджері Кристина Дорош.

Еске салайық, She‘s Next, Empowered by Visa бастамасының үшінші толқыны осы жылдың 29 ақпанында басталды. Жобаға қатысуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 15 000-нан астам кәсіпкер тіркелді. She’ s Next Day іс-шараларына сегіз қалада 500-ден астам кәсіпкер әйел қатысты. Сондай-ақ, бастамаға қатысушылар білім беру бағдарламасы, тестілеу, сараптамалық комиссиясының бизнес-жоспарларды бағалауы, сондай-ақ «Халық таңдауы» номинациясы бойынша ашық дауыс беру және She‘ s Next Pitch Day финалынан өтті.

Related posts

Embark on a culinary journey along Türkiye’s Aegean coast

ttjk

Керван сарай Султан Хана в Аксарае

ttjk

Немрут тауының басынан таңды қарсы алыңыз

ttjk