ВЕЙПТІҢ ЗИЯНЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ТҮСІНДІРІЛДІ

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында насыбай өндіріп, таратқандарға заң жүзінде шектеу қою керектігін тапсырды. Бүгінде Президент тапсырмасы аясында Астана қаласындағы барлық білім беру ұйымдарында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.

Соған орай, бүгін барлық мектептерде «Зиянды әдеттер және олардың денсаулыққа әсері» тақырыбында сынып сағаттары өткізілсе, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кураторлық сағаттар мен дөңгелек үстелдер өткізіліп, насыбайдың адам ағзасына зиянды жақтары кеңінен айтылды.

Астана қаласындағы №10 қалалық емханасының салауатты өмір салтының дәрігері Гүлмира Қалиқызы, Жастар денсаулық орталығының психологы Жанна Калмашқызы, Астана қаласы Сарыарқа аудандық полиция басқармасының аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі полиция капитаны Тасқын Сархытбекұлы арнайы шақырылып оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған бұл іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табады.

Related posts

Enjoy the colours of spring in Istanbul

ttjk

Зейнетке ерте шығуға рұқсат берілмек

editor

Lake Garda Travel Guide and What to See and Do

ttjk