Вашингтондағы апаттан қаза тапқандардың денесі өзеннен шығарылып жатыр

CBS News хабарлауынша, АҚШ астанасында болған қайғылы оқиғадан кем дегенде 18 адамның денесі табылған. Іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр. 

Вашингтондағы Ақ үй мен Капитолийден оңтүстікке қарай төрт шақырымдай жерде орналасқан Рональд Рейган әуежайының маңында шағын ұшақ Потомак өзеніне құлаған. PSA Airlines әуе компаниясының Bombardier CRJ700 аймақтық лайнерінде 60 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған. Ал Black Hawk Sikorsky H-60 тікұшағында үш әскери қызметкер болғаны хабарланған.

АҚШ Федералдық авиация әкімшілігінің (FAA) мәлімдеуінше, сәрсенбі күні жергілікті уақытпен кешкі сағат тоғыз шамасында ұшақ Рейган халықаралық әуежайына жақындап келе жатқанда тікұшақпен соқтығысқан. Әуе лайнері Канзас штатының Вичита қаласынан ұшқан. Тікұшақ оқу-жаттығу ұшуын орындаған екен. Билік өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, кеше түнде құрбан болған 18 жолаушының денесі өзеннен шығарылған.

 

 

Related posts

Journey into Anatolian History: Museum of Anatolian Civilizations

Назия Жоямергенқызы

Угроза кори: главный санврач Астаны высказалась о вакцинации

Казахстанка стала победительницей конкурса IFSEC Global Influencers 2022

ttjk