Қуыршақ театры Халықаралық қуыршақтар фестивалінде Гран-при жеңіп алды

Маңғыстау облыстық қуыршақ театры Ресейден олжалы оралды. Ұжым І «Станислав Железкин атындағы сыйлық» халықаралық қуыршақтар фестиваліне қатысты. Екі маңызды іс-шара қатар өтті. Бірі – «Чаепитие в Мытищах» фестивлі және 2019 жылы қалалық округ әкімшілігі құрған Ресейдің Халық әртісі Станислав Железкин атындағы театр сыйлығы берілетін фестиваль ұйымдастырылды.

Байқау тартысты өтті. Бірінші кезеңде әлемнің түкпір-түкпірінен келген театрлардан 68 өтінім келіп түсті. Олардың тек 12-сі екінші кезеңде өнер көрсетті. Маңғыстау театры осы іріктеуден өткендердің бірі болды.

Фестивальға репертуардағы үздік спектакльдердің бірі, бас режиссер Н.Насырованың «Бабалар жері» атты спектаклі ұсынылды. Бұл спектакльде актер Ержан Биғашев барлық рөлдерді өзі сомдайды. Қойылым қазақтың ұлттық философиясының тереңдігін жеткізіп, қазылар алқасын ерекше энергиясымен баурап алды және фестивальдің басты марапаты — «Үздік шетелдік спектакль» номинациясы бойынша Гран-приді жеңіп алды.

«Бабалар жері» спектаклі бірнеше рет халықаралық байқауларда жеңімпаз атанған. 2022 жылы қойылым VI Халықаралық «Ассалаумағалейкум» қуыршақ театрлары фестивалінде үздік актерлік шеберлік үшін марапатталды. Ал, 2023 жылы Санкт-Петербургтегі «КУКАРТ» фестивалінде «Отан туралы үздік спектакль», «Құралайда» «Үздік режиссерлік жұмыс» және Almaty Puppet Festival-де «Үздік драматургия» номинацияларын иеленген.

Related posts

Столетия виноградарства

ttjk

Знаменитые турецкие десерты

Назия Жоямергенқызы

ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН КРЕАТИВТІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБА

ttjk