Университет басшылары ұрлық жасаған

ҚазҰАЗУ лауазымды тұлғалары ұрлық жасағаны үшін сотталды.

Алматы прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жалған тұқым егу және егу орындарын өңдеу жолымен бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді аяқтады.

Бұған дейін Бас прокуратураның тапсырмасымен университеттің қызметіне тексеру жүргізілген. 2020 жылы университет жалпы сомасы 43,8 миллион теңгеге қант жүгерісінің тұқымын, «аммофос» минералды тыңайтқышы мен аммиакты селитрасын сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы 3 шарт жасасқаны анықталған.

«Тексеру жоғарыда айтылған тауарлардың іс жүзінде жеткізілмегенін, ақша қаражатының қолма-қол ақшаға айналдырылғанын көрсетті», делінген хабарламада.

№2 Медеу аудандық сотының үкімі бойынша, университеттің «Саймасай» оқу-тәжірибелік шаруашылығының директоры Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталды. Залал толық көлемде өтелген. Үкім заңды күшіне енді.

Related posts

HAİN DARBE GİRİŞİMİ: 15 TEMMUZ 2016

Назия Жоямергенқызы

“Шаңырақ” күнінде елордалық театрда өнерлі отбасы балаларының тұсауын кестірді

ttjk

Датча и Мармарис: маршруты, объединяющие зеленый и синий

Назия Жоямергенқызы