«Цикл: қазіргі заманды зерттеу» көрмесі өтті

Жақында Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде «Цикл: қазіргі заманды зерттеу» көрмесінің ашылуы өтті. Айтулы шарада Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының бастамасымен Ә.Қастеев атындағы өнер музейімен стратегиялық серіктестік аясында қазіргі түрік суретшілерінің туындылары қойылды.
– Қазір біз Ә.Қастеев музейінде алдыңғы қатарлы өте маңызды модерн бағытындағы үш жас суретшіміздің «Цикл: қазіргі заманды зерттеу» атты көрмесіндеміз. Алдағы уақытта да осындай іс-шара тағы жалғасын табады деп ойлаймын, – дейді Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Эврен Мүддеррисоғлұға.
Түрік заманауи суретшілері Онур Мансыз, Халил Петюк және Эмин Мете Ердоған – Леонардо дәстүрін жалғастыруда. Көрмеде авторлардың табиғат пен тарих туралы идеяларына арналған жұмыстар жинақталған.
Қазіргі заманғы білім тұжырымдамасы оны адамзаттың ұтымды және эмоциялық өмірлерінің синкретикалық қосылысы ретінде көрсетеді. Ғылым мен өнерді біріктірген алғашқы адам ұлы Леонардо Да Винчи болды. Ол үшін өнер ғылыммен қатар әлемді зерттеудің тағы бір тәсілі болды. «Кескіндеме туралы трактатта» ол былай деп жазады: «барлық көрінетін нәрселерді табиғат жаратты және осы нәрселерден кескіндеме пайда болды».
Көрменің жалпы идеясы — адам мен табиғаттың тоғысуы. Кескіндемемен жұмыс істейтін екі автор — Халил Петюк пен Онур Мансыз диалогқа түседі. Олар адамның табиғатты көру және шындықты қабылдау қабілетін зерттейді. Екі автор да фотосуретті ойлап тапқаннан кейін көру қабілетін қайта ойластырады.

Related posts

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті

ttjk

Әлеуметтік кодекс шеңберінде зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру маңызды

ttjk

«ХАЛЫҚ» ХАЛЫҚҚА КӨМЕКТЕСТІ

ttjk