Цифрлық Қазақстан және жасанды интеллект дәуірі: азаматтардың әл-ауқатын арттыру жолдары

 

«Цифрлық Қазақстан: жасанды интеллект дәуірін енгізу жолдары» атты диалог алаңы өтіп, онда Ассамблея Жастары мен Студенттік Ассамблеяның белсенділері еліміздің цифрлық дамуының негізгі бағыттарын талқылады. Шараның мақсаты – цифрландыру үдерісіне жастарды кеңінен тарту, олардың ой-пікірі мен бастамаларын ортаға салу және жасанды интеллект заманында қажетті дағдыларды дамытуға ықпал ету.

Жиын барысында қатысушылар жасанды интеллекттің әлеуеті, оның қоғам өмірінің әр саласына әсері, сондай-ақ жастардың цифрлық мәдениеті мен жауапкершілігі туралы мазмұнды пікір алмасты. Спикерлер заманауи технологиялар енгізудегі трендтерді, білім беру саласындағы цифрлық өзгерістерді және әлеуметтік бастамаларға серпін беретін инновациялық шешімдерді атап өтті.

Іс-шараның практикалық бөлімінде қатысушылар креативті жобалар дайындап, цифрлық суреттер әзірледі. Сонымен қатар «Жасанды интеллект пе, әлде адам ба?» атты интерактивті шағын-ойын қатысушылардың қызығушылығын арттырып, ойлануға түрткі болды.

Диалог алаңы жастардың инновациялық көзқарасы, шығармашылық әлеуеті және бастамашылдығы еліміздің болашақ цифрлық келбетін қалыптастыруда айрықша рөл атқаратынын көрсетті. Мұндай алаңдар жаңа идеялардың бастауына, технологиялық мәдениеттің дамуына және цифрлық трансформацияға жастардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Related posts

СТАМБҰЛДА ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ГҮЛДЕЙДІ

ttjk

ЖЕРДЕГІ ЖӘННАТ — АНТАЛЬЯ

ttjk

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан барысы – 2025» жеңімпазын құттықтады

Назия Жоямергенқызы