ТШО – Қазақстандағы ең тартымды жұмыс беруші

Randstad Employer Brand Research зерттеуі әлемнің 34 елінде жүргізіледі және ең тартымды салалар мен жұмыс берушілерді анықтайды. «Теңізшевройл» екінші жыл қатарынан Қазақстандағы ең тартымды жұмыс беруші болып танылды. ТШО-дан басқа, мұнай-газ саласындағы 3 үздік компаниялардың қатарына ҚазМұнай Газ және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниялары енді.

«Бұл марапат біздің брендтің жоғары бәсекелі еңбек нарығындағы тартымдылығын мойындау болып табылады. Біз инвестицияны қызметкерлеріміздідамытуға, қауіпсіз жұмыс ортасын құруға және салауатты корпоративті мәдениетті сақтауға саламыз, өйткені ТШОқызметкерлері компаниямыздың алға қойған мақсаттарына жетуде көмектесетін ең құнды капитал және қозғаушы күш», – деді Камшат Байжанова, АРБ бас менеджері.

Randstad жұмыс беруші брендінің сауалнамасы – бұл мыңдаған компаниялардың ішіндегі ең тартымды жұмыс берушілерді анықтайтын әлемдегі ең жан-жақты, тәуелсіз және терең зерттейтін жұмыс берушілерге арналған сауалнама. Іріктеме 18-ден 65 жасқа дейінгі еңбекке қабілетті халықтың пікірін көрсетеді. Зерттеуге сәйкес, жақсы жұмыс берушінің маңызды өлшемшарттарыарасында жауап берушілер келесілерді атап өтті: жақсы жалақы – 79%, қаржылық тұрақтылық – 72%, мансаптық өсу – 67%, жағымды жұмыс атмосферасы және қызықты жұмыс – 61%.

«COVID-19 пандемиясы кезінде қауіпсіз жұмыс ортасын құру барлық топтар үшін жұмыс берушілерді таңдаудағыең маңызсыз өлшемшарт болып шықты (32%), бірақ бұл ерлерге қарағанда әйелдерді көбірек алаңдатады. Мансаптың өсуі әйелдер үшін, 25-34 жас аралығындағы адамдар үшін, сондай-ақ жоғары білімі бар адамдар үшін маңызды өлшемшарт болып табылады», – деді Валерия Петрунина, ANCOR Орталық Азияның бас директоры.

2020 жылдың соңында ТШО-ның негізгі өндірісіндегі штаттық қызметкерлердің үлесі 92% құрады, ал ТШО-ның негізгі өндірісіндегі қазақстандық менеджерлердің үлесі жалпы басшылар тобының 85% құрады. Компания ұжымдағы еңбек және өндірістік қатынастарды реттеу, жалпы еңбекақы төлеудің тиімді жүйесін құру, қызметкерлерді дамытуға мүмкіндіктер беру және олардың әлеуетін ашуға көмектесетін оқыту, дамыту бағдарламалары арқылы қызметкерлерді әлеуметтік қорғанышпен қамтамасыз етеді; сонымен қатар әр түрлі тағылымдамалар, кадрлық резервті жоспарлау, әлеуметтік бағдарламалардың кеңейтілген пакеті, корпоративті мәдениетті сақтауға бағытталған жеңілдіктер мен бастамалар, компанияның құндылықтары мен стратегиясына қызметкерлердің адалдығын ұсынады.

Related posts

«Азиатский газопровод» трансформирует бизнес-процессы с SAP ERP

ttjk

Атырау жастары шығармашылық және инновациялық ойлауды үйренді

ttjk

ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІН ДАМЫТУҒА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

ttjk