Трампқа сот үкімі шығарылатын болды

BBC хабарлауынша, халықтың көп даусын жинап АҚШ президенті болған Дональд Трампты ұлықтау салтанатына он күн қалғанда сот үкімі шығарылатын болды.

Порножұлдыз Сторми Дэниэлске ауызбастырық ретінде ақша төлегенін жасырып, жазбаларды бұрмалағаны үшін Дональд Трамптың сот процесіне төрағалық етіп жатқан Йорк Хуан Мерчан АҚШ-тың сайланған президентін ұлықтау рәсіміне 10 күн қалғанда үкім шығаратыны туралы шешім қабылдаған. Судья Дональд Трампты нақты түрме жазасына кесуге ниетті емес екенін ескертіп, сотталушыға сот үкіміне байланысты келуге де, бейнебайланыс арқылы да қатысуға рұқсат берді. Судья айыппұл немесе пробациялық бақылау секілді жеңілдетілген жазаларды тағайындауға да ниеті жоқ екенін жеткізген.

Мамырда қазылар алқасы бірауыздан Трампты өзіне тағылған айыптың 34 бабына сәйкес «кінәлі» деп тапқан. Бірақ ол өз кінәсін мойындамаған еді. Кейіннен судья бұрынғы және болашақ президентті жазалайтын үкімді жариялауды кейінге қалдырып келген. Ал сайлауда  жеңіске жеткеннен кейін Трамптың адвокаттары президенттің иммунитетіне байланысты істі тоқтатуды ұсынды. Қазір бұл Трампқа қатысты үкім шығарған жалғыз қылмыстық іс болуы мүмкін. Дегенмен саясаткер Нью-Йорк штатының соттарына шағымдана алады. Трампқа қарсы екі федералды іс ол сайланғаннан кейін тоқтатылған. Себебі Әділет министрлігі президентті қудалау ел конституциясына қайшы деп мәлімдеп отыр.

 

Related posts

Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі тағайындалды

Назия Жоямергенқызы

Молодежь Атырау обучат принципам ведения социальных стартапов  на бизнес-фестивале «Самғау»  

ttjk

Әр түрлі жанрдағы түсірілім ерекшеліктері: кино, деректі фильмдер, жарнама

ttjk