Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға І дәрежелі «Достық» орденін тапсырды. Президент екі ел арасындағы тарихи байланыстарға тоқталып, 1959 жылы Қазақстанға Вьетнамның тұңғыш Президенті Хо Ши Миннің ресми сапары көпжақты ынтымақтастықтың берік негізін қалағанын еске салды.
Тоқаев То Ламның сапары қазақ-вьетнам қатынасындағы жаңа кезеңнің бастауы екенін атап өтіп, бүгінгі келіссөздер нәтижесінде екі ел стратегиялық серіктестік орнатуға уағдаласқанын мәлімдеді. Ол Вьетнам басшысының достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградамен марапатталып отырғанын айтты.
Өз кезегінде То Лам бұл марапатты елдер арасындағы ұзақ жылғы достық пен сенімнің айғағы деп бағалап, Қазақстан халқы мен Президентіне ризашылығын білдірді.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы,
Медиажурналистика мамандығының 1-курс студенті Фарангиз Саматқызы