ТОҚАЕВ ТҮРКИЯ ХАЛҚЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

Қазақстан президенті Қасымжомарт Тоқаев Түркия президенті Реджеп Тайи Ердоғанға  көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға жолдаған жеделхатында Ыстанбұл қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

– Осындай қиын сәтте бауырлас түрік азаматтарының қайғысына шын ниетімізбен ортақтаса отырып, Cізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.

Президент қаза тапқандардың жаны жәннатта болуына және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

ҚР Президентінің Баспасөз қызметі

Related posts

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы көлік кептелісі: жағдай ретке келтірілді

Назия Жоямергенқызы

А.Цойға «QazVac» екпесін салды

ttjk

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирін ірі жеңіспен бастады

Назия Жоямергенқызы