Тоқаев Хорватия президенттігіне қайта сайланған Зоран Милановичті құттықтады

Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Президенті болып қайта сайланған Зоран Милановичті құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауында жеңіске жеткен Зоран Милановичке құттықтау жеделхатын жолдап, Зоран Милановичтің жеңісін Хорватияның болашағын жарқын етуге бағытталған саясатына көрсетілген сенімнің айқын дәлелі деп бағалады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Астана мен Загреб арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынастар қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығаятынына үміт артатынын жеткізді.

Related posts

СЕМЕЙЛІКТЕР БІРЛІК КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Назия Жоямергенқызы

Қасым-Жомарт Тоқаев Educational Testing Service (ETS) компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Амит Севакты қабылдады

Назарбаев университетінде бөлінген қаржы тиімсіз игерілген

editor