Тікұшақ құлаған жерге авиация генералы келді

Ақтөбе облысында тікұшақ құлаған жерге қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша министрдің орынбасары – әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов басқаратын арнайы комиссия келді.

Ұшақ апатының алдын ала себебі техникалық ақау деп қарастырылып жатыр.»Түпкілікті қорытынды тергеу жүргізілгеннен кейін жасалады. Зардап шеккен экипаж мүшелері қажет медициналық көмекпен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген және мамандардың бақылауында», — деп жазылған хабарламада.

Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшінің туыстарына материалдық төлем, барлық қажет қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Related posts

Әлемдегі ең ықпалды 100 әйелдің арасында қазақ жоқ

editor

Астанада көшелердің бір бөлігі жабылып, аспанға әскери авиация көтеріледі

Назия Жоямергенқызы

АЛМАТЫЛЫҚТАРҒА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА 2 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ