Коронавирус пандемиясы кезінде көптеген елдер мен компаниялар, халық күнделікті өмірде жаңаша жұмыс істеуге мәжбүр болды. О баста көпшілік коронавирусқа аса мән бермегенімен, бір-екі аптаның ішінде қоғамдық сана қалыптасып, бизнес-үрдістер оқшауланып, қашықтан жұмыс істеп, білім алу, онлайн-сауда, байланыссыз жеткізу үрдістері өмірімізге дендеп енді. Осы уақыт аралығында денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлініп, әрбір адамның орынды мінез-құлқы пандемияның жақын арада аяқталуына әсер ететінін түсіне бастадық.
COVID-19 вирусының таралған сәттен бастап қоғамдық ортада індет жақын уақытта адамзат баласының мінез-құлқы мен тұтынушылық әрекетін өзгертіп, адам санасындағы жауапкершілік міндетін арттыра түскеніне көзіміз жете түсті. Әрбір адамының жеке жауапкершілігенен бастап, оқшаулау ережелері мен Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы ұсынған ұсыныстар, үкіметтік деңгейде қабылданған аса жауапты шешімдер денсаулық сақтау жүйесіндегі жаппай кері кетушіліктің алдын алуға бағытталды.
Жекелеген жайттар бойынша бизнеске де жауапкершілік жүгі артылды. Айталық, Төтенше жағдай кезінде жұмысын жалғастырған бірқатар кәсіпорындар еңбек қауіпсіздік қамтамасыз ету, сонымен қатар еңбек персоналының ғана емес тұтас қоғамның денсаулығын қорғауға міндетін мойнына алды.
Мысалы, «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) Атырау облысында коронавирусқа қарсы күреске бірінші болып атсалсып, індеттің қоғамдық ортада таралмауы үшін көмек ретінде 4,6 миллион доллар бөлді. Ал 2020 жылдың наурыз айында компания жалпы құны 1,3 млрд теңгеге бағаланған медицналық құралдар мен жабдықтарды сатып алып, тиісті орындарға тарту етті. Олар – бір реттік медицина қызметкерлеріне арналған костюмдер, бетперде, респираторлар, реанимациялық және респираторлық құрылғылар, жедел көмек көрсететін екі жедел жәрдем көлігі, тепловизорлар, зарасыздандыру құралдары және биологиялық материалдарды тасмалдайтын арнайы контейнерлер.
Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне (СЭС) бір термосканер мен сегіз пирометр тапсырылды. Түсінікті болуы үшін айта кетейік, термосканер мен пирометрлар байланыссыз адамдардың қызуын анықтауға жәрдемдеседі. Адамдар көп жиналған жерлерде термосканерлер бір сәтте бірнеше адамның қызуын тексереуге мүмкіндік берсе, пирометрлар жекелген адамдардың қызуын анықтайды.
2020 жылдың сәуір айының алғашқы жартысына дейін Атырау облыстық ТЖҚ-ның төтенше жағдай бойынша бөлімінің қауіпсіз жұмыс істеуі үшін қажетті қорғаныс құралдарын (медициналық бетперде мен қолғаптар), пирометрлер, қолды өңдеуге қажетті антисептиктер жеткізіп берді.
Дәл осы уақытта ТШО компаниясы Атырау облысы, Жылой аудандық әкімдігіне көшелерді зарарсыздандыратын антибактериальді сұйықтықты, қолды өңдейтін антисептиктерді, 5 тепловизор, 10 мың медициналық бетперде, қорғаушы көзілдіріктер, бір реттік комбинезондар мен қолғаптарды тапсырған болатын.
Індет тарағанда вирусқа шалдыққан адамдарды дәл анықтап, диагностикалау аса маңызды іс екені белгілі. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін «Ұлттық сараптау орталығының» Атырау облысындағы филиалына COVID-19 вирусы бойынша анықтайтын құрылғы мен тестілеуге қажетті материалдар жеткізілді. Орталыққа қайтарымсыз тарту етілген құрылғының құны 500 млн теңге тұрады.
Амплификаторлы оптикалық жүйеге негізделген Rotor-Gene 6000 құрылғысы Австралияда өндірілген, аталған құрылғы полимерлі тізбекті реакцияға (ПТР) сараптама жасап, вирусты тез, әрі дәл анықтауға мүмкіндік береді. Осы ретте айта кетуіміз керек, құрылғы коронавирустан басқа вирустарды да анықтап беретінімен ерекшеленеді. ТШО компаниясы «Ұлттық сараптау орталығының» Атырау облысындағы филиалына жұмыс істеуге қажетті реагенттер, сынама алатын термоконтейрлер, қорғаныс костюдері, медицина қызметкерлеріне қажетті құралдар мен антибиотиктермен дер кезінде қамтамасыз етілді. Сонымен қатар компания мамандар мен алынған сынамаларды тәулік бойын тасымалдау ісін де ұйымдастырғанын айта кетуіміз керек.
Коронавирусқа шалдыққан жанды ерте бастан анықтап, дәл уақытында оқшаулап, қажетті ем-шараларын жүргізген сәтте індеттің таралуын айтарлықтай төмендетуге болады. Мамандардың айтуынша, індет жұқтыру кезінде бес оқиғаның біреуінде ешқандай белгілер байқалмай, індет жұқтырған адам вирус таратушы болуы мүмкін.
Рзабек Артығалиев, «Теңізшевройл» ЖШС-нің үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің бас менеджері:
– Әлеуметтік жауапкершілік ТШО-ның қабылдайтын шешімдерінің ішіндегі маңызды прициптерінің бірі болғандықтан, елімізде Төтенше жағдай режимі жарияланған күннен бастап біздер іске кірісіп кеттік. Кез келген ұйым үшін қалыпты жұмыс ырғағының сақталуы маңызды. Сол себепті біздер компанияда жұмыс істейтін әрбір қызметкердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аудардық. Сонымен қатар күн сайын өз еңбегімен мыңдаған адамды құтқарып, қауіп-қатерге бас тігіп жүрген дәрігерлерге көмек көрсетуге де күш салдық. Коронавируспен күресте өлшеусіз үлес қосқан жандарға компаниямыздың атынан алғыс айтамыз. Бұл бағытта атқарылған орасан зор жұмыстар Атырау облысында індеттің кең таралмауына тосқауыл болғаны анық.
Сөз соңында міндетті әлеуметтік арақашықты сақтау және қажетті оқшаулану бұл адамдардың бір-бірімен бөлектенуі емес екенін айтқым келеді. Керісінше, бұл шаралар алдағы уақытта індетті жұқтырмай еркін өмір сүрімізді қамтамасыз ететін істер екенін түсінуіміз керек. Алдағы уақытта Теңізшевройл өзінің іс-әрекетімен пандемияны жеңу жолындағы ортақ іске өзге компаниялардың да тартылуына ықпал етеді деп үміттенемін».