Тарихтағы тұңғыш қазақ: 17 жастағы Дастан Сәтпаев Копенгагендегі ойында жаңа межені бағындырды

Алматының «Қайрат» клубының жас форварды Дастан Сәтпаев UEFA Чемпиондар лигасы тарихында гол соққан ең жас үш ойыншының қатарына енді.

Басылым дерегіне сәйкес, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі бесінші тур аясында «Қайрат» Данияда «Копенгагенге» қарсы сынға түсіп, кездесуді 2:3 есебімен аяқтаған.

Ойынның 81-минутында Дастан Сәтпаевтың қарсылас қақпасына бағыттаған добы матчтың нәтижесін өзгертпегенімен, қазақ футболы үшін айрықша тарихи сәтке айналды.

Гол соғылған күні жас ойыншы небәрі 17 жас 110 күнде болған.

Осы нәтижемен ол «Антверпен» шабуылшысы Джордж Иленихенаның (17 жас 119 күн) көрсеткішін жаңартып, Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас гол авторларының үштігіне кірді.

Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас гол соққан футболшылар тізімі:

  • Ансу Фати («Барселона») – 17 жас 40 күн, 2019 жылы «Интер» қақпасына;

  • Ламин Ямал («Барселона») – 17 жас 68 күн, 2024 жылы «Монакоға» қарсы;

  • Дастан Сәтпаев («Қайрат») – 17 жас 110 күн, 2025 жылы «Копенгагенге» қарсы.

Айта кету керек, Дастан Сәтпаев – Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соққан алғашқы қазақ футболшысы ретінде тарихқа енді.

Фото: Nur.kz

Related posts

В Турции проводится Take Off Enterprise Summit

Назия Жоямергенқызы

Şirince, the green oasis in Türkiye’s Aegean coasts, is now on the 2023 World’s Best Tourism Villages List

Назия Жоямергенқызы

This Is The Hot European City All Your Cool Friends Are Talking About

ttjk