Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен жастар жобасы сәтті жүзеге асырылды

Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ бірлесіп қолға алған «Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен жастар өкілдерін насихаттау «Fenomen Jas» әлеуметтік жобасы екі жыл ішінде табысты жүзеге асты.

Жоба мақсаты – талантты тұлғалардың тиісті сала мен қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін ерекше еңбегін ынталандыру және таныту, әртүрлі жылдардағы премия лауреаттарын танымал ету, NEET жастарына рөлдік моделін қалыптастыру, менторлық мектебінің қызметін іске асыру, қазақстандық жастардың белсенді өкілдерін мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға тарту.

Жоба аясында егемендік алған жылдардан бері жетістікке жеткен жас табысты қазақстандықтардың қатысуымен түрлі іс-шаралары өткізілді. ZOOM платформасында онлайн форматта қазақстандық табысты жастардың ең белсенді 20 өкілін  тарта отырып, мотивациялық кездесулер өткізілді. Оған 17 облыс және республикалық маңызы бар 3 қаладан 1137 қатысушы қатысты.

Өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған дағдыларды біртіндеп қалыптастыру үшін кез келген қызметті эффективті атқару мақсатында арнайы 100 күндік «Jastar tańdaýy» марафоны өткізілді. Бұл марафон жүз күнді қамтыды. Себебі тұрақты дағдыны немесе әдетті дамыту үшін ғалымдардың кеңесімен осыншалықты уақыт қажет. Жалпы марафон аясындағы тапсырмалар легі төрт бағытқа бөлінген: әлеуметтік, шығармашылық, интеллектуалды және физикалық. Байқау жеңімпаздары арнайы мадақтамалар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Екі жылдың ортақ нәтижесімен алсақ, он жеті облыс және республикалық маңызы бар 3 қаладан 237 қатысушы қатысты.Еліміздің 3 қаласында мемлекеттік бастамаларды ілгерілету мен іске асыруды талқылау бойынша «Ted talks» форматында офлайн іс-шаралар өткізілді. Сарапшылар сторитейлингтерімен бөлісіп, әрбір іс-шарадан кейін танысу, тәжірибе алмасу және идеялар мен ұсыныстарды талқылау үшін нетворкинг алаңдары ұйымдастырылды. Екі жыл ішінде оған 512 адам қатысты. Ал «Классификация soft skills», «Жоспарлау. Time management», «Мақсатты жоспарлау процесі: ережелер мен әдістер», «Командамен жұмыс және көшбасшылық қасиеттер» тақырыбымен өткен семинар-тренингтер өткізілді.  Оқыту семинар-тренингтері Zoom платформасында онлайн форматында ұйымдастырылған. Барлық жазбалар «Classroom» платформасында барлық ниет білдірушілер үшін ашық түрде жарияланды. Бұған да екі жыл ішінде  606 жас қатысты.

Күні кеше «Uly dala saryny» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау мақсаты жеңімпаздардың жетістіктерін мойындау және олардың одан әрі жетістіктерін ынталандыруға бағытталған. Сыйлыққа қатысушылардан 100-ден астам өтінім келіп, оған сараптамалық комиссия мүшелері қарап шықты. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша 5 номинацияның жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздар 200 мың теңгелік сертификаттармен, дипломдармен және арнайы әзірленген атаулы мүсінмен марапатталды. Жеңімпаздарға екі жылдық жүлде қоры 2 млн теңгені құрап отыр. Ендігі жерде тәуелсіздік жылдары табысқа жеткен жас қазақстандықтар туралы танымал интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде арнайы 10 сюжет, 5 подкаст, 4 ақпараттық бейнеролик түсіріліп бекітілуге жіберілгенін де айта кеткен жөн.

Related posts

Заңсыз активтерді қайтарудан түскен қаржыға мәдениет орталығы салынады

editor

Карс — самый популярный маршрут для туристов

ttjk

Қалдықсыз болашақ: Түркиядағы «Халықаралық қалдықсыз күн»

ttjk