Түтінге оранған үйден үш бала құтқарылды

 

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні полиция майоры Мирас Даутов Талдықорған қаласындағы Көкбастау көшесімен келе жатып, көмекке шақырған адамның дауысын естиді.
Әлде бір ер адам, түтінге оранған екі қабатты тұрғын үй ішінде балалар қалғанын айтып, көмек сұраған. Бір сәт кідірмей, Мирас Даутов газ қызметкерімен бірге үйге кіреді. Өз өмірін қатерге тіксе де, олар 9 бен 13 жас аралығындағы үш баланы қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.

Жедел әрекеттің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынып, түтіннің шығу көзі жылдам жойылды. Ересектер арасында зардап шеккендер жоқ.

Мирас Даутовтың бұл әрекеті – өз халқына шынайы қызмет етудің, офицерлік абырой мен антына адалдықтың айқын көрінісі.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы
Компьютерлік технологиялар кафедрасы
Медиажурналистика мамандығының
1-ші курс студенті
Бекарыс Сұлтанғазин

Related posts

ҚХР Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен қазақ халқы анағұрлым өркендеген жаңа Қазақстан құратынына сенім білдірді

Назия Жоямергенқызы

Air Astana-дағы миллиардтық жымқыру: сотталғандар үкімді өзгерте алмады

Назия Жоямергенқызы

Құлдыққа итермелеуі мүмкін: Бас прокуратура азаматтарды жалған жұмыс ұсыныстарынан сақ болуға шақырды

Назия Жоямергенқызы