Түрме ішінде теракт ұйымдастырмақ болды

Қазақстан түрмелерінің бірінде теракт жасалмақ болғаны анықталды.

22 қарашада Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының әрекетінің жолын кесті.

Белгілі болғандай, қамауда отырған фигуранттардың бірі терракт жасауға дайындалған, ал қалғандары терроризмді насихаттауға қатысып, террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды қатарларына қосумен тыңғылықты айналысқан.

«Жаза өтеу орындарында жүргізілген тінтулер барысында суық қару, смартфондар және басқа да заттай дәлелдер алынды. Біреуінің экстремизм үшін соттылығы бар. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық үшін жазаларын өтеген. Сондай-ақ, Алматы қаласында пробациялық бақылауда тұрған олардың байланысы ұсталды. Көрсетілген адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 255, 256 және 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,  делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Related posts

Түркияның Газиантеп қаласындағы мектеп құрылысына Қазақстан Президенті бастамашылық еткен

editor

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасымен бірге мемлекеттер арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты бекемдей беретініне назар аударды

Назия Жоямергенқызы

Алматыда «Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Назия Жоямергенқызы