ТҮРКИЯ: ТАРИХЫ МЕН ТАҒЛЫМЫ ҚАТАР ӨРІЛГЕН

Коньяға табанымыз тигеннен кейін бірінші барғанымыз — Мәулана музейі. Румидің құрметіне жасалған алып мавзолейді өз көзіңмен көру, аурасын сезіну бөлекше. Қаланы аралағанда ескі мен жаңаның қатар қолданылғанын байқадық. Ал біз орналасқан HICH қонақүйі дәл Мевлана музейінің жанында екен. Жұмадағы таңымызды азанның әуезді үнімен бастауға себеп болған бұл қонақүйді Серкан Ванлы 2013 жылы ашқан.

Ол ел аралап, жер көргенді, саяхаттай жүріп өзіне ерекше ұнаған детальдарды қойындәптеріне түртіп алуды әдетке айналдырған. Мына қонақүй — сол ерекше идеялардың жемісі. Расында Түркияда замануи үлгіде жасалған, сәннің соңғы жетістіктерін паш ететін қонақүйлер жетерлік.

Ал бұл қонақүй Түрік елінің көне тарихы мен дәстүрін бүгінгі өмір салтымен үндестіре білуімен құнды. Қонақүйге кіргенде тас дәуіріне енгендей әсерде боласыз. Бірақ, жайлы төсек, жарық та сәулетті бөлмедегі заттардың бәрі заманауи үлгіде жасалған. Коньяның дәл жүрегінде, Мәуланының жанында орналасқан HICH қонақүйі әр туристің көңілінен шығарына күмән жоқ.

Айнұр Сембаева.

Related posts

Тарихы терең Түркия

ttjk

«Қазақ даласындағы Оғыз тарихи мұрасы»

ttjk

ӨЗБЕКСТАНДА ЖАҢА УНИВЕРСИТЕТ АШЫЛАДЫ

ttjk