Түркітілдес журналистер қоры Анталья Журналистер одағымен Меморандумға қол қойды

Түркітілдес журналистер қоры түркі әлемі медиасын дамытуға, түркі журналистерінің кәсіби білігі мен бірлігін арттыруға мүдделі. Осы орайда қор Президенті Нәзия Жояменгенқызы Анталья Журналистер одағының төрағасы Идрис Таш мырзамен кездесті.

Кездесу нәтижесінде Түркітілдес журналистер қоры мен Анталья Журналистер одағы арасында екіжақты тиімді Меморандумға қол қойып, кәсіби алаңда ортақ жобалар жасау, тәжірибе алмасу туралы келісімге келді.

Сондай-ақ, Қазақстандағы журналистер мен журналистика факультетінің студенттерін Анталья мен Бұрсада тәжірибе алмасу мақсатында пресс турлар ұйымдастыру, жедел әрі нақты ақпарат алмасу, деректерді тексеру, тікелей эфирде жұмыс істеу шеберлігі, журналистердің қауіпсіздігі т.б қатысты арнайы курстар, семинар, вебинарлар өткізуге келісм жасалды.

Related posts

Бүгінгі балалар виртуалды әлемде өмір сүреді

editor

Түркиядағы босқындар еліне қайтып жатыр

editor

Ұстаздар құрған шырша үшін әкімдіктен 30 млн теңге бөлінген

editor