Түркістан облысының аудандық білім саласында 2,4 миллиард теңге желінген

Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы білім саласында 2,4 миллиард теңге қаржы жымқырылған.

Мақтаарал ауданы білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғасы мен жауапты қызметкерлері 2,4 миллиард теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп отыр. «Прокуратура тергеу жүргізіп, қылмыстық іс сотқа жолданды. Қаражат білім саласында жұмыс істемейтін адамдардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы жымқырылған. Бүгінгі күні күдіктілер 333,5 миллион теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды қайтарды, сонымен қатар олардың қылмыстық жолмен табылған құны 649,7 миллион теңге болатын мүліктеріне тыйым салынды»,  делінген хабарламада. Қазіргі таңда облыстық прокуратура тергеу жүргізіп, қылмыстық іс сотқа жолданған.

 

Related posts

Түрік асханасындағы өсімдіктер дәмді әрі пайдалы

ttjk

Алматы облысында ауыл шаруашылығы форумы өтті

ttjk

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ТҮРКІСТАНДА БАС ҚОСТЫ

ttjk