Түркістан облысында шегірткеден қорғау шаралары аяқталды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық жедел штаб отырысында өңірлердегі ахуал туралы есеп тыңдады.

Түркістан облысында шегіртке зиянкестеріне қарсы барлық қорғаныс шаралары аяқталды, жағдай тұрақтанды. Болжам бойынша, өңірде шегірткелердің таралу аумағы 271,5 мың гектарды құрады, іс жүзінде 340 мыңнан астам гектар өңделді. Ақтөбе облысында 414 мың га, Қостанай облысында 140 мың га өңделген.

Абай, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс Қазақстан облыстарында шегіртке үйіріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жамбыл және Қызылорда облыстарында өңдеу жұмыстары аяқталды.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында итальялық прусқа, сондай-ақ Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында азиялық шегірткеге қарсы қорғау шаралары өңдеуге жататын алаңдардың анықталуына қарай басталады.

Жедел штаб отырысының қорытындысы бойынша вице-премьер аумақтардағы мониторингті, химиялық өңдеу сапасын бақылауды күшейтуді және Түркістан облысында шығарылған техникаларды қорғау шаралары жалғасып жатқан өңірлерге жіберуді тапсырды.

Related posts

ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР МЕДИА ФОРУМЫ

ttjk

«Путеводитель по медленному путешествию» для исследования Турции в своем собственном темпе

editor

10 Stunning All-inclusive Resorts in the Maldives

ttjk