ТҮРКІ ЖУРНАЛИСТЕРІ БАС ҚОСТЫ

Түркияның Йалова қаласындағы XVIII Түркітектес халықтардың мәдени фестивалі шеңберінде Түркі әлемі журналистері 9-рет бас қосты. Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Македония, Румыния, Болгария, Ирак, Сирия, Моңғолия, Ауғанстан, Башқұрстан, Қырымнан келген журналистердің жиынында Қытайдағы ұйғырлардың бүгінгі ахуалы, Қырым мәселесі, Сирия мен Ирактағы түркімендердің жағдайы, соңғы кездері әлемдік саяси сахнада армяндардың «түріктер бізге геноцид жасады» деген айыпты жиілетуі, Қарабахта армяндардың қолынан қаза тапқан әзірбайжандар т.б. исі түркіні толғандырған бірқатар түйткілді талқыға салды.
Түбі бір түркінің ақпараттық кеңістігі, журналистердің жедел хабар алмасуы, БАҚ өкілдерінің кәсіби білікті арттырудағы ынтымақтастығы т.б. сөз болған басқосуда түркіге ортақ телеарна құру жайлы да айтылды.

йАЛОВА ЖУРНАЛИСТ
Журналистер форумында әр елден келген әріптестер өз аймағындағы ахуалды сөз етті. Көпшіліктің көңілін аударған Қытайдағы ұйғырлардың ахуалы.

Йалова 9

Саяси қысымдар соңы жазықсыз жандардың өліміне әкеп соққан жайттар жиілеп барады. Жиырма жылдан астам уақыттан бері тәуелсіз Шығыс Түркістан мемлекетін құру жолында жүрген Дженгиз Исмаил мырза форумда қуанышты жаңалығымен бөлісті. Оның айтуынша, Канада үкіметі мойындалмаған Шығыс Түркістан мемлекетінің ресми офисін ашуға рұхсат берген.

йалова 10

Сириядағы түркімендер жайлы сыр шерткен Гүнгөр Йавузаслан: «Сириялық журналистердің бір қолында – микрофон, бір қолында – қару. Соғыс алаңынан репортаж жасап тұрған журналиске командир келіп, «немене әртіссің бе?! Ал қолыңа қаруды!» деп жекірген кезде журналистер микрофонды тастай сала қан майданға мидай араласып кетеді», – деді.

Йалова 5

Қырымдағы саяси жағдай туралы баяндама жасаған Наил Айтар Кремльдің ұстанған саясатын кеңінен жайып салды. Оның айтуынша, Ресей Қырым Мәжілісінің ықпалын әлсірету мақсатында бюджеттен 15 миллион доллар бөлген. Сонымен қатар әділ ақпарат таратуға мүдделі бірнеше журналистің мал-мүлкі тәркіленіп, өздері елден түре қуылған. Бұл сөз бостандығының шектелуінің сорақы көрінісі.

Йалова 8
Үш күнге созылған басқосуда Қазақстандағы «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы біз түркі журналистерінің бірлігін нығайтуға оң ықпал ететін бірқатар ұсыныс айттық. Әсіресе, жедел хабар алмасу мәселесі. Өкінішке қарай, Қазақстан журналистері ақпараттарды көбінесе шетелдік ақпарат көздерінен алады. Бұл өте қауіпті. Өйткені ақпараттық қауіпсіздікті БАҚ түзетінін ескерсек, кез келген хабарда әрбір ел немесе жеке тұлғаның мүддесі тұрады. Сондықтан ақпаратты тікелей дерек көзінен алған жөн. Осыдан үш жыл бұрын Стамбұлдың Таксим алаңында болған оқиға туралы біздің журналистер АҚШ, Батыс пен Ресейдің дерек көздерінен алды. Соның салдарынан ақпараттың нақтылығына нұқсан келді. Демек, ең алдымен Интернет немесе электронды пошта арқылы түркі журналистерінің бір-бірімен өзара хабар алмасуын жолға қойған жөн. Сонымен қатар ортақ танымдық-насихаттық бағдарламаларды қолға алып, өскелең ұрпаққа түркіге ортақ құндылықтарды таныту да аса маңызды.

Йалова 7

Түркі журналистерінің форумында қтысушылар деклорация қабылдады. Аталған құжатта қарастырылған мәселелер: Жер шарындағы түркі мемлекеттері мен диаспораларының құқықтарын халықаралық стандарттарға сәйкес қорғауға атсалысу, олардың мәдени, әлеуметтік, білім саласында дамуын қамтамасыз ету; Балқандағы, әсіресе, Румыния, Болгария, Босния, Македония, Косово мен Грекиядағы түрік тілінің күшеюіне ықпал ету; Ауғанстан, Пәкстан, Ирак пен Сириядағы түрік тілін үйрену курстарын ашуды қолға алу және оларға түркітілдес ағайынды тегін жаздыру; латын әліппесімен түркі тілінде шығатын газет-журналдарға моральдық және материалдық тұрғыда көмек көрсететіндерді жұмылдыру; Түркия мен түркі елдері арасындағы жоғары оқу орындарының серіктестігін орнату; түркі әлеміне қатысты проблемалар мен қысымдарды бүкіл түркі журналистерінің көмегі арқылы әлемдік саясаттың күн тәртібіне шығару, Еуропа Парламенті мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қарабахтағы армяндар тарапынан жасалған «әзірбайжан геноцидіне» қатысты құжаттың жүзеге асырылуын қадағалау; Қытай Халық Республикасындағы ұйғырлар, Ресей тарапынан территориялық тұтастығына нұқсан келген әрі бас көтерер зиялы қауымы қысымға ұшыраған Қырымдағы татарлар, Сирия мен Ирактағы түркімендердің бүгінгі жанайқайын түркі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шешу жолдарын қарастыру т.б. Деклорацияда баса мән берілген тақырып: Арменияның Түркия мемлекетіне қарсы жасап жатқан қысымына («Түркия армяндарға геноцид жасады» деген айып) қарсы тұру және осы түйткілді әділ шешу үшін бүкіл түркі әлемін жұмылдыру. Мұндайда әлбетте, журналистер қауымының еңбегі зор болмақ. Сонымен қатар форум соңында түркі журналистерінің платформасы құрылып, ортақ сайт ашуға шешім қабылданды.

Йалова 6Шара соңында қазақ журналистер «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ атынан Түркі әлемі журналистерінің босқосуын ұйымдастыруға мұрындық болған Мұхсин мырзаға шапан жапты.

йалова 12
Алматы – Стамбұл – Йалова – Стамбұл – Алматы

Related posts

СОВРЕМЕННОЕ ХРАНИЛИЩЕ ДЛЯ ЯБЛОК

ttjk

ТҮРКИЯДАҒЫ ТРОЯ МУЗЕЙІ

ttjk

БҰРСАДАҒЫ САУДА БИРЖАСЫМЕН СЕРІКТЕСТІК

ttjk