Кеше Алматыда Түрік фильмдері апталығы салтанатты түрде ашылды. Шараға Түркия Ұлттық Мәжілісінің депутаты әрі Орталықты ұйымдастырушы «Жергілікті пікір» қорының басшысы Метин Гүндоғду, Түркияның Алматыдағы Бас Консулы Али Рыза Акынджы, Түрік фильмдері орталығының Бас үйлестірушісі Өнер Кылыч пен қонақтар қатысты.
Бұл апталықтың ерекшелігі сол, фильмдер түрік тілінде, бірақ қазақша субтитрмен. Аудармасы жатық. Кеше «Тұрғынүй» фильмін көрдік. Ұнады. Тағы бір жаңалық, былтыр Түркітілдес журналистер қоры Алматыда Түрік фильмдері апталығының Бас үйлестірушісі Өнер Кылыч мырзамен бірігіп, қазақ және түрік продюсерлерінің кездесуін өткізген еді.
Басқосуда мамандар екі ел продюсерлерінің ынтымақтастығы, ортақ жобалар, проблемалар мен оларды шешудің жолдарын ақылдасты. Сондай-ақ, біз өз тарапымыздан елдің келешегі — жас ұрпаққа бүгінде «Өрмекші адам», «Супермен», «Бэтмен» сияқты табиғатымызға жат дүниелерді күштеп таңып жатқанымызды, бұл олардың психологиясына кері әсер ететінін, сондықтан түркі әлеміне тән құндылықтар мен танымал тұлғаларды насихаттау қажеттігін айтқанбыз. Биыл Өнер бей «Рафадан тайпа» деген мультфильмді көрсетуге әкеліпті. Қатты қуандық. Бұйыртса, балалармен барамыз.
Бағдарлама:
“Тұрғын үй” – 28 қазан, сағат 20:00.
29 қазан, 17:00.
“Ішімдегі қазына” — 29 қазан, 19:00.
30 қазан, 17:00.
“Шеф” — 30 қазан, 19:00.
31 қазан, 19:00.
Балаларға арналған мультфильм “Рафадан Тайфа” — 31 қазан, 17:00.
Мекенжай: «Lumiera Cinema», Абылaй хан, 62.