ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ

Шымбұлақ тау-шаңғы мектебінің нұсқаушылары Өзбекстандағы тау-шаңғы спорты бойынша Түркі Мемлекеттерінің Алғашқы Кубогында “алтын” және “күміс” жүлделерді жеңіп алды

2025 жылы 18 ақпанда Өзбекстан мен Орталық Азияның жетекші таушаңғы курорттарының бірі Amirsoy Resort ерекше шара —әуесқойлар арасында шаңғы спортынан Түркі Мемлекеттерінің Алғашқы кубогын өткізді. Турнир тарихи және мәдени дәстүрлері ортақ елдердің шаңғышылары мен қысқы спорт жанкүйерлерінің басын қосты.

Жарысты 2024 жылдың қыркүйегінде Түркі Мемлекеттері Ұйымының (ОТГ) қамқорлығымен құрылған Түркі мемлекеттерінің таушаңғы курорттары одағы ұйымдастырды, оған өңірдің негізгі курорттары: Әмірсой (Өзбекстан), Шахдаг (Әзірбайжан), Шымбұлақ (Қазақстан) және Улудаг (Түркия) кіреді.

Шымбұлақ тау курортының атынан «алып слалом» бойынша Shymbulak Ski School нұсқаушылар командасы қатысты, олар жүлделі орындарға ие болып, кәсіби пен шеберлік дағдыларының жоғары екенін көрсеті.

-Лапшина Наталья —  26-45 жас бойынша 1-орын

-Родионова Ксения — 18-25 45 жас бойынша 1-орын

-Дементьев Артем — 26-45 45 жас бойынша 2-орын

  • Мұндай жарыстарды өткізу түркітілдес елдер арасындағы байланысты нығайтады, мәдени алмасуға және қысқы спорт түрлерін дамытуға ықпал етеді. Бұл тек спорт қана емес, сонымен қатар экономикаға оң әсер ететін және халықтардың бірлігін нығайтатын достық, ынтымақтастық және туристерді тарту құралы.

Related posts

МАКГРЕГОР МАНСАБЫН ТОҚТАТТЫ

ttjk

АҚСУ АУДАНЫНДАҒЫ КЕЛЕЛІ ІС

ttjk

Пара туралы хабарлағандарға 4 млн теңге сыйақы

editor