Тұраров әлі тергелмеген

Жанқош Тұраровқа қатысты қыз зорлау фактісі бойынша істі жүргізіп жатқан тергеуші де, тергеу бөлімінің бастығы да жұмыстан шығып кеткен. Бұл туралы шағымданушы Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова жазды.

Адвокат тергеу тарапы Жанқош Тұраровты күдікті ретінде емес, куәгер ретінде шақырған дейді.

«Іс аяқталған жоқ. Ешқандай татуласу туралы әңгіме де, ниет те жоқ. Әлі тергеу жұмысы жалғасып жатыр. Нақтысында тергеу органы сараптама қорытындысын күтіп отыр. Осы жерде тағы да ерекше тоқталып өткім келетіні- сараптама тағайындалғанда, тергеу тарапынан өрескел заңсыздықтарға жол берілген. Біріншіден, сараптама дәрігер-проктологтың қатысуынсыз өткізілген. Ондай зорлық жағдайында сараптама міндетті түрде дәрігердің қатысуымен жасалу керек. Екіншіден, сараптама кеш жасалған. Арыз бергеннен бес күннен кейін жасалған. Яғни тергеу тарапынан күдікті  (күдікті де емес, куәгер етіп өткізген) жаққа жақтасу, тіпті қылмысты жасыру орын алған деп есептейміз. Ана жақтың шіреніп жүргені де осы себепті болса керек. Полиция мен ҰҚК-де «плотный» крышалары болса, кім болсын, солай шіренсе керек. Сараптаманы сатып алғандай, сөздері ірі, әйтеуір. Бізде сатылмайтын не қалды өзі?..Бұл жерде біз барлық вариантқа моральды түрде дайын отырмыз. Сарапшыларды сатылды деуден аулақпын. Өз міндетін адал орындайтын мамандар аз емес қой. Жалпы айтылған сөз», — дейді адвокат.

Қазір жәбірленуші тарап сараптаманың қорытындысын күтіп отыр. Заңгер сараптаманың қорытындысына қарап, әліптің артын бағып отырғанын айтқан. «Бұрмалайтын болса, яғни заңсыз жасалғандықтан, теріс қорытынды шығатын болса, әрине шағым жазып, комиссиямен қайта қарауға талап қоямыз. Сонша ұзатқандарына қарағанда, 28-қыркүйек күні бокстан өтетін бой ма, халықаралық жарыс па, сол өтсін деп отыр ма деген де ой бар… Сосын тағы бір айта кететін жайт-істі жүргізіп жатқан тергеуші де, тергеу бөлімінің бастығы да жұмыстан кетіпті. Таяуда. Бұл кездейсоқтық па, сәйкестік пе, түсінбедік…» , деп жазды Ахатова.

Бұдан бұрын да Ләззат Ахатова тергеушілердің Әнару Құрманәлі мен Жанқош Тұраровты беттестіргенде өрескел заңсыздықтарға жол бергенін айтқан болатын. Есте болса, «танымал боксшы Жанқош Тұраров мені зорлады» деп арыз жазған Әнару Құрманәлиева журналистерге берген сұхбатында боксшыны неше жылдан бері білетінін, онымен алғаш рет қалай танысқанын және Жанқош Тұраров 6 жылдан бері не деп алдап келе жатқанын ашық айтып берген еді.

 

Related posts

Субұрқақ үшін сотталуы мүмкін

editor

«Шеврон» қолдаған жоба: «Толағай» толағай табыстарға жетті

Назия Жоямергенқызы

 Қақтығыс аймақтарынан Қазақстанға 526 бала оралды

editor