СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫНДА 1011 АЗАМАТ АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРЕДІ

5 қараша күні Қызылорда өңіріндегі Сырдария және Шиелі ауданы әкімдерінің сайлауы өтеді.
Бүгінде Сырдария ауданында 18, Шиелі ауданында 40 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Оларда 388 комиссия мүшесі қызмет атқаратын болады.
Қос ауданда 70 мыңнан аса сайлаушы тіркелген. Сайлаушылар үшін үйден дауыс беру мүмкіндігі де қарастырылған. Ол үшін дауыс беретін азамат алдын ала өтініш беруі керек. Учаскелік комиссия мүшелері тасымалданатын жәшікпен бірге сайлаушының үйіне барып, оның дауыс беруіне мүмкіндік жасайды.
5 қараша күні алғаш рет дауыс беретін азаматтарға арнайы сыйлықтар ұйымдастырылады. Сайлау комиссияларының мәліметіне сәйкес 2 ауданда 1011 азамат алғаш рет дауыс беруге қатысады. Оның 694-ы Шиелі, 317-і Сырдария ауданында.
Сондай-ақ, пилоттық сайлау өтетін аудандарда 5 қараша күні 18 жасқа толатын 5 азамат бар. Олар да өз конституциялық құқығын пайдалана отырып дауыс бере алады.
Айта кету керек, әрбір сайлаушы өз учаскесін сайлау күніне дейін арнайы платформа арқылы анықтай алады. Ол үшін әрбір азамат saylau.orda.gov.kz сайтына кірсе жеткілікті.
Еске салайық, екі ауданға кандидат ретінде 6 азамат тіркелді. Олардың барлығы да жоғары білімді, мемлекеттік қызметтің түрлі сатысынан өткен.
Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару заңының 36-2 бабына сәйкес әкімдер 4 жылға сайланады.

Related posts

Halyk Bank алаяқтарға алданбаудың жолдарын айтып берді

Назия Жоямергенқызы

ШЕКАРА СЫРТЫНДА ҚАЗАҚША ҮЙРЕТЕДІ

ttjk

Дүниежүзілік экономикалық форумында Қазақстан мұнайы туралы

ttjk