SULPAK САПАҒА КӨҢІЛ БӨЛЕДІ

Бүгін Алматы қаласында «Sulpak 2018 жылды Қызмет көрсету жылы деп жариялайды» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Sulpak сауда-саттық компаниясы басты ретейлер мен сатып алушы арасында болатын даулы жағдайларды анықтау, жанжалдардың пайда болуы және оларды шешу жолдарын, соның ішінде білім беру құралдарын пайдалану, даулы мәселелердегі коммуникативтік тізбенің қысқаруы, сатып алушы мен сатушының арасындағы саудадан кейінгі қоғамдық бақылауды енгізу мақсатында сарапшы ретінде «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігін шақырды.

Sulpak бас директоры Дмитрий Провкин: «Менеджмент сандарға қарайды, ал сандар бізге қызмет көрсету деңгейін мақтан тұтуға тұрарлық екенін көрсетеді – пікірлердің тек 1 пайызы ғана жағымсыз сипатта және де біз әр мәселені жекелеп қарастырамыз. Дегенмен, бұл статистика ғана. Біз «Адал» бірлестігін сандарға емес, нақты адамдарға, нақты мәселелерге көңіл бөлу үшін ынтымақтастыққа шақырдық», — деді.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

«ШЕВРОН»: ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

ttjk

17 кен орны мемлекеттік тіркеуге алынды

editor

Бұрын-соңды журналистердің табаны тиіп көрмеген биіктік!

ttjk