ҰСТАЗДАРДЫҢ ОРНЫ БӨЛЕК

Бүкіл әлемге таралған пандемияға байланысты елімізде бірқатар өзгерістер болды. Соның бірі білім беру саласы жаңа форматта,яғни қашықтықтан оқыту жүйесіне көшірілді. Осыған орай Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің екінші курс студенті Байдәулет Даниярұлымен сұхбаттасқан едік.
— Қашықтықтан оқытуға байланысты көзқарасыңыз қандай?
— Қазіргі таңда елімізде болып жатқан оқиғаларға байланысты барлық білім ордалары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Менің ойымша қашықтықтан оқыту жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттер үшін тиімді деп ойлаймын. Өйткені студенттер тапсырмаларды өз бетінше іздене отырып,мұғалімнің көмегінсіз меңгереді. Бірақ бұл жүйе мектеп оқушыларына қиындықтар туындатуы мүмкін. Себебі,оқушыларға мұғалімнің бағыт-бағдары қажет. Қазіргі техналогиялар, оның ішінде роботтар кез келген нәрсенің орнын алмастырғанымен, ұстаздың орнын ешқашан алмастыра алмайды.
— Қашықтықтан оқыту білім беру жүйесіне өзгерістер енгізді ме? Жалпы ұтымды тұстары бар ма?
— Мұндағы өзгеріс біз өзімізді екі жақты дамыта аламыз. Біріншісі-берілген материалдарды өз бетімізше меңгеруге дағдыланамыз,ал екіншісі-смартфон, компьютер секілді электронды құрылғыларды жиі пайдалану арқылы жаңа техналогиялардың қыр-сырын меңгере түсеміз. Ал, ұтымды тұсына келетін болсақ біршама уақытымызды үнемдей аламыз және де өзімізді вирус жұқтырып алу қаупінен сақтай аламыз.
— Қашықтықтан оқыту барысында қандай да бір қиындықтар туындады ма?
— Иә, интернет желісінің жылдамдығының нашар болуына байланысты сабаққа қатыса алмай қалған күндерім де болды. Көбінесе қиындықтар ауылдық жерлерде болуы мүмкін.Себебі ауылдық жерлерде интернет желі нашар,тіпті кейбір ауылдарда интернет мүлде жоқ.Бұл әрине баланың сабаққа қатысуына кедергі жасайды. Сонымен қатар әлеуметтік аз қамтылған және де көп балалы отбасылар үшін әр баланы ұялы телефонмен қамтамасыз ету қиындық тудыруы мүмкін.Осы мәселе шешілсе,балаларға білім алу үшін ешқандай да кедергі жоқ деп айтуға болады.
— Әңгімеңізге көп рахмет!
Сұхбаттасқан Гүлдана Қалдаш.

Related posts

«Айтыс — поэзия жанрларының ішіндегі ең қиыны, күрделісі»

ttjk

БІЛІМ МИНИСТРІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

ttjk

Әл-Фараби универитетінде халықаралық III Қысқы PR мектебі өтті

ttjk