Сотталған әйелдерге рақымшылық жасауын сұрады

Бүгін Мәжіліс отырысында Ауыл партиясы фракциясының депутаттары Ішкі істер министріне депутаттық сауалын жолдады. Олар қылмысын өтеп жатқан әйелдерге рақымшылық жасау қажет екенін жеткізді.

Ауыл партиясының  фракциясы  сотталған әйелдердің жасаған қылмысы зорлық-зомбылық жасаумен байланысты болмаса, қоғам үшін қауіп төндірмейтін болса, ондай әйелдерге амнистия жасау мүмкіндігін қарастырып көруді ұсынып отыр. Мұндай шара әлеуметтік әділдік орнатуға, отбасы құндылығының нығаюына және өмірде қиын жағдайға тап болған әйелдердің дұрыс жолға түсуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді.

«Көп жағдайда отбасыдағы бала тәрбиесі әйелдердің мойнында. Ана алақанның аясы- ақ шынардың саясы деген сөз бар. Бүгінгі таңда 2336 әйел бас бостандығынан айырылған, олардың жартысы — аналар, оның ішінде 250-і көп балалы аналар.1500-ден астам бала анасыз қалып, аналарымен қауышуды күтуде. 100 ге жуық  сәби балалар үйіне жіберілген. Бұлар жай ғана цифрлар емес — бұл ойран болған отбасылар, бұзылған тағдырлар, ең сорақысы  ана жылыуынан айырылған сәбилер. Ана махаббаты, ананың қамқорлығы — баланың дені сау болып өсуінің, психикалық және әлеуметтік дамуының бұлжымас негізі» деп отыр Ауыл партиясының депутаттары.

Осыған орай, сотталған әйелдерге амнистияны қолдану үшін  келесі критерилер ұсынды. Зорлық-зомбылыққа қатысы жоқ қылмысы үшін сотталған әйелдер, зжүкті әйелдер мен кішкентай баласы бар әйелдер, көп балалы әйелдер, алғаш сотталған әйелдер, жасы ұлғайған (60-тан асқан) әйелдер. Ал ауыр қылмыс, аса ауыр қылмыс жасап, зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыс жасап, сол үшін сотталған, қоғамға қауіп төндіретін әйелдерге амнистия жасалмауын да қадап айтты.

Бұл мәселеде халықаралық тәжірибе жеткілікті. Мәселен, Қырғыз Республикасында әйелдерге 1996 жылдан бері  3 рет амнистия жасалған. Өзбекстанда 2013 жылы амнистия жасалып, әйелдер мен кәмелетке толмағандар босатылды. Ресей Президенті 2023 жылы  әйелдерге амнистия жасау туралы идеяны қолдады. АҚШ-тың кейбір штаттарында әртүрлі қылмыс жасап сотталған әйелдерге бірнеше  рет амнистия  жасалды. Жалпы, әйелдерге амнистия жасалса, еліміздің пенитенциарлық жүйесіне жүктеме азаяды; балалар үйлеріне түсетін жүк төмендейді; әлеуметтік шиеленіс азаяды; мемлекетіміздің адам құқықтары мен отбасыны қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды ұстанатынын растауға мүмкіндік туады деп санайды депутаттар.

 

 

 

Related posts

ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР МЕДИА ФОРУМЫ

ttjk

Қаңтар оқиғасында қолды болған қару-жарақтар табылды

editor

Sulfur granulation plant has been commissioned at Tengiz

ttjk