Сот шешімін орындамаған шетел азаматы ұсталды

Желтоқсанның басында Қостанай облысының Тобыл қаласында өткен жедел-алдын алу іс-шарасы барысында елден шығару туралы сот шешімін орындамаған Өзбекстан азаматы анықталды. Оның Қазақстанда уақытша тұруға рұқсаты жоқ болған.

 

Облыстық ПД -нің мәліметінше, бұл дерек полиция қызметкерлерінің күдігін туғызып, азаматты мән-жайды анықтау үшін бөлімшеге жеткізуге негіз болды. Тексеру барысында анықталғандай, бол былтыр  тамыз айында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Қазақстан аумағынан шығарылған. Мұндай шешім оның Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабында көзделген көші-қон заңнамасын бұзуына байланысты қабылданған. Алайда сот шешіміне қарамастан, азамат елден кетпей, ішкі істер органдарынан жасырынып жүрген.

Қостанай аудандық соты қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған шетелдік азаматқа қатысты 30 тәулікке шектеулі жүріп-тұру санкциясын бекітті. Қазіргі уақытта ол сот шешімінің орындалуын күту үшін Қостанай қаласындағы арнайы қабылдағышқа орналастырылды. Астана қаласының полиция қызметкерлері бұл азаматты елден шығару үдерісін бақылауға алып, сот шешімінің толық орындалуын қамтамасыз етпек.

Related posts

ЕЛШІЛІКТЕГІ ҰЛТТЫҚ ЕГЕМЕНДІК ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

ttjk

Кен өндіру саласында жаңа заң қажет

editor

Бүгінгі ауа райы: күздің қоңыр салқыны мен алғашқы ызғар

Назия Жоямергенқызы