13-16 наурыз аралығында Сочи тауларында «Роза Хутор» курортында тау-шаңғы индустриясының әлеміндегі елеуліоқиға –Еуразияның тау курорттарының фестивалі өтті!
Фестиваль 2023 жылдың маусым айында құрылған Тау Курорттарының Еуразиялық Альянсы (ТКЕА) өткізгеналғашқы ірі шара болды. Оның құрамына «Шымбұлақ», «Роза Хутор» (Ресей), «Амирсой» (Өзбекстан), сондай-ақ«Шахдаг» (Әзірбайжан) курорттары кіреді. Бірлестіктіңмақсаты – Еуразиядағы туризмнің стратегиялық дамуына, кәсіби қарым-қатынасты дамытуға, тау курорттарының үздіктәжірибесі мен брендтерін танытуға арналған платформаменжабдықтау.
Фестивальға түрлі елден келген 150 қонақ қатысты, олардың арасында Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан жәнеӨзбекстанның өкілдері бар. Бұл шара тау-шаңғы спортынсүйетіндер үшін нағыз мерекеге айналды.
Ашылу салтанаты Таулы Олимпиадалық қалашықта өтті, онда қатысушылар командалары «Мужской Олимпийский спуск» (1600 м) жолында өз шеберліктерін көрсетті. Шымбұлақ нұсқаушылары көз тартарлық синхронды сырғанауөнерін көрсетіп, қолдау мен қошеметке ие болды.
Төрт күн бойы кәсіби пікірталастар, мәдени шараларжәне білім беру бағдарламалары өтіп, қатысушыларды тау-шаңғы туризмін дамытуға деген құлшыныстары біріктірді.
Осылайша, фестиваль аясында туризмді дамыту, туристтік қызметтер сапасының бірегей стандарттарын енгізужәне мемлекетаралық туристік тау маршрутын жасаутақырыптарына арналған дөңгелек үстелдер мен пікірталастарөткізілді. Басты мақсаттарының бірі – альянсқа кіретін тау курорттары арасында бірегей ски-пассты енгізу, соныңарқасында курорттағы қызмет көрсету сапасының бірегейдеңгейін қалыптастырып, туристтік ағынды көбейтуге болады.
Фестивальдағы мәдени қарым-қатынасқа ерекше назараударылды. Көрме аясында әр ел өзінің ұлттық тағамдарыментаныстырды, ал Шымбұлақ қонақтарды бешбармақ, бауырсақсияқты қазақи тағамдармен қуантып, келушілердің жүрегінжаулады.
Фестивальдің қорытынды кезеңінде дәстүрді жалғастыруэстафетасы «Шахдаг» курортына берілді, курорт 2025 жылышараны ұйымдастыруға бел сыбана кіріспек.
Сондай-ақ, біздің қазақстандық «Oi-Qaragai» тау курортыосы тамаша спорт түрін дамытушы тау-шаңғы курорттарыотбасыларының қатарын кеңейтіп, Тау КурорттарыныңЕуразиялық Альянсына мүше болды.