«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ Halyk Bank серіктестігінде 2025 жылдың 31 шілдесінде Өскемен қаласында қазақ журналистер үшін «Halyk»-пен қаржылық сауат» тақырыбына семинар-тренинг ұйымдастырды. Аталған семинарға Өскемен мен Шығыс Қазақстан облысындағы қазақша ақпарат тарататын БАҚ басшылары мен журналистер қатысты. Семинар-тренингтің басты мақсаты — БАҚ өкілдерінің кәсіби шеберлігін арттыру.
Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызының айтуынша, аталған жоба қазақ журналистермен қатар Қазақ қоғамының да қаржылық сауатын жақсартуға көмектеседі: «Түркітілдес журналистер қоры 2017 жылдан бері Халық банкімен бірге республикалық «Еркін сөз» байқауын өткізіп келеді. Биыл 9-рет болатын Байқауды ұйымдастыру барысында біз БАҚ өкілдерінің көпшілігі қаржылық сауатын жетілдіруге мүдделі екенін байқадық. Осыған орай, Халық банкінің басшылығына Қазақстанның барлық қаласында қаржылық сауатқа қатысты семинар-тренинг өткізуге ұсыныс білдірдік. Осының арқасында семинарға қатысқан әрбір журналист өз отбасы, туған-туыстарымен бірге бүкіл Қазақстанның қаржылық сауатын жақсартуға үлес қосады».
Halyk Bank Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Сәуле Мусаханова: «Әр азамат жеке деректеріне аса сақ болуы қажет. Алаяқтар көп жағдайда «сіздің атыңызға несие рәсімделді», «сізге Банк қызметкері хабарласып тұр», «ақшаңызды арнайы немесе қауіпсіз шотқа аудару қажет», «сіздің ақшаңызды ұрламақшы, күдікті операция тіркелді», «сим-картаңыздың әрекет ету мерзімі аяқталды», «SMS арқылы келген кодты айтып жіберіңіз», «сізге Банктың қауіпсіздік қызметкері хабарласып тұр» деп хабарласады. Мұндайда алаяқтармен сөйлеспеу керек, бірден номерді бұғаттап тастаңыз. Банк картасын онлайн заттар сатып алғанда ешбір жерге сақтап қоймаңыз, номерін ешкімге айтпаңыз. Күмәнді номерлерлен келген сілтемелерді ашпаңыз. Ең бастысы бүгінгі семинарда алған ақпараттарыңызды туған-туыс, жақындарыңызға жеткізіңіздер. Қазір қаржы алаяқтары өте қарқынды жұмыс істеп жатыр. Оларды ұстау да қиын, тіпті, мүмкін емес. Өйткені олардың барлығы дерлік шет мемлекеттерде отырады».
Halyk Bank Шығыс Қазақстан облыстық филиалының №17 Дербес қызмет көрсету орталығының басшысы Төлеген Қамзин: «Қаржылық алаяқтар көп жағдайда TeamViewer, AnyDesk, RustDesk, Hopto Desk, RuDesktop-ты жүктеп алуды ұсынатынын, Ондай арбауларға алданбау қажет. Үлкен кісілер ұялы телефондарын балаларға ойнауға береді. Бұл да дұрыс емес. Кішкентайлар сырттан келген сілтемелерді басып, қауіпті сайттарға өтеді. Осының салдарынан жеке мәліметтер алаяқтарға қолжетімді болады», — деді.
Халықтың қаржылық сауатын жетілдіруге мүдделі Halyk Bank өз клиенттеріне түрлі мүмкіндіктер ұсынады. Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Зайсан аудандық бөлімше бастығы Мурзакасымова Мақпал балаларға арнайы Halyk Easy картасын ашып, сол карта арқылы төлем жасайтын болса, Парижге саяхат ұтыс ойындарына қатыса алатынын жеткізді: «Соынмен қатар автосалондардан көлік, тұрғынүй, кепілдікті несие алғандар қатысатын ұтыс ойындарының жеңімпаздары апта сайын 2 миллион теңгелік сертификаттар, Apple iPhone 16 Pro смартфоны, «Halyk-тан 100 000 бонус» сертификаттары, ай сайынғы супер жүлде — «Hyundai Tucson» маркалы автокөліктерін ұтуға мүмкіндігі бар. Жеңімпаздар Банктің Instagram-дағы @halykbank.kz ресми парақшасында тікелей эфирде кездейсоқ сандар генераторының көмегімен, кредиттік шартының нөмірі/реттік нөмірі бойынша Банк құрған комиссияның қатысуымен анықталады».
Семинар барысында журналистер медиада жасанды интеллектті пайдалану, кәсіби этика, фотовизуализация: SnapEdit, Canva AI, deepfake және deepware, dата журналистика: Grok, Gemini, «YouTube-2025: жаңа трендтер», монетизация, кіріс көзін диверсификациялау т.б. туралы айтылды. Қатысушылар жасанды интеллект көмегімен авторлық сайт ашып, ниша таңдап, контент қалыптастырды.
Түркітілдес журналистер қорының Halyk Bank серіктестігіндегі «Halyk-пен қаржылық сауат» жобасы 2024 жылы басталған. Жоба шеңберінде Қазақстанның 6 қаласы: Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент пен Түркістанда қазақ тілінде ақпарат тарататын БАҚ өкілдеріне қаржылық сауатты арттыруға сеп болатын семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Биыл Орал, Қостанай, Семей, Тараз, Өскемен қалаларында жоспарланған. Семинарға қатысқан журналистер Түркітілдес журналситер қорының Halyk Bank-пен бірге 2017 жылдан бері қаржы тақырыбына өткізіп келе жатқан республикалық «Еркін сөз» байқауына қатыса алады. Байқау жеңімпаздары Алматыда өтетін марапаттау салтанатына шақырылады.
«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ Баспасөз қызметі.