ӨСКЕМЕНДЕ ЖАҢА ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов қалалық әкімдікте өткен жиында  жаңа жұмыс кестесі енгізілетінін мәлімдеді: «2025 жылдың 20 наурызынан бастап Өскеменде мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың жаңа жұмыс кестесі күшіне енеді».

Сапановтың айтуынша, жаңа ережеге сәйкес жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады, түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Өскемен жаңа жұмыс кестесін енгізілген соңғы қала болды. Жергілікті билік аталған жаңа кесте адамдардың еңбек және демалыс жағдайын жақсартатынына, аймақтағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда ееңбекке деген құлшыныстың жоғарылайтынына сенімді.

Сыдықбек Анел, Алматы қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы.

Related posts

Героизм азербайджанцев и казахстанцев в борьбе с фашизмом

Назия Жоямергенқызы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі

editor

Қазақстанда тірі туған 277 сәбиді өлдіге санап жіберген

editor