ШЫНЫҚСАҢ, ШЫМЫР БОЛАСЫҢ

Спорт!Сен-түгел ғаламсың
Бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан, кішкентай баласына дейін, дене тәрбиесіне ерекше мән береді.«Шынықсаң шымыр боласың»демекші, салауатты өмір салтын ұстанып, әр дайым қозғалыста болған жөн.
Мен Данияр Елеусинов сынды бокс шебері болғым келетін.Негізінен, мен боксқа 2013 жылы жаз айында келдім.Менің ең алғашқы тренерім Орынбасаров Асхат болатын.Ағайым өте білікті,тәжірибелі,ақылды бапкер еді. Алғашқы жарысымды 2014 жылы Қажмұқан атындағы стадионда өткен жасөспірім аралығындағы байқауда II-орынды қанағат еттім.
2015 жылы желтоқсан айында өткен«Нашақорлыққа қарсымыз»атты жарыста II-орынға табан тіредім.
Араға бір жыл салып 2016 жылы Халықаралық турнирде 32кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп III-орынды қанжығаладым.Тәжірибемнің аздығы болса керек I-орынға көтеріле алмайақ қойдым.Сол жылы бапкерім бізді жинап,алда үлкен жарыс бар деді.Яғни, бұл жарыста жеңімпаз болсаң, Қазақстан чемпионатына жолдама алатын едік.Ол байқауда келіп жетті, мен салмағымды 35кг көтеріп, тәжірибемді шыңдап,үлкен дайындықпен келдім.Жарыс 4 күнге созылды.Мен үшін, ақтық сыңға дейін мүдірмей жету, оңай болған жоқ.Шешуші сыңда асығым алшысынан түсіп I-орын иесі атанып, қатты қуандым-, деп есіне алды Серік Нұрсұлтан жымия.

Уахит Сейтжапбар

Related posts

ЗОЖ: уделяем ли внимание к себе?

ttjk

Ж.МАХАМБЕТОВ АУЫЛЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Назия Жоямергенқызы

ФОРУМ «ИНКЛЮЗИВНЫЙ КАЗАХСТАН»

Назия Жоямергенқызы