Шу шығарған шетелдік студенттер елден шығарылады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматы қаласындағы дәмхананың бірінде болған шетелдік студенттер арасындағы жаппай төбелеске қатысты қабылданған шара туралы айтты.

Еске сала кетсек, бір апта бұрын Алматыда шетелдік студенттер арасында басталған кикілжің жаппай төбелеспен аяқталған болатын. Оқиғаның видеосы желіде тарап та кетті. Кадрларда бірнеше адам бір-бірін ұрып жатқаны, олар орындықтар, таяқ және тіпті үстелдерді қолданылғаны көрінеді. Министрдің айтуынша, бұл оқиғада қазақстандық студенттер жоқ. Алты адам – Үндістаннан келген студенттер. Бұл олардың арасындағы ішкі мәселесінен туындаған.

«Қазір Полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр, нәтижені күтейік. Мен елшіліктермен тікелей байланыстамын, сөйлесіп, осы студенттерді депортациялау туралы ортақ шешім қабылдадық. Бұл біздің ұстанымымыз. Президент жақында берген сұхбатында әрбір шетелдік өз елінде заңдарды қалай құрметтесе, Қазақстанда да оларды сақтау керек екенін айтты. Депортация мәселесі елшілікпен шешілді»,  деп мәлімдеді министр.

Related posts

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы

editor

Астана күніне орай заманауи емхана ашылады

Назия Жоямергенқызы

БАҚЫЛАУ БЕКЕТІНДЕГІ ШАБУЫЛ

ttjk