Шетелдік көлікті заңдастырмаса қандай жаза қолданылады?

Қазақстанға шет мемлекеттен әкелінген көлікті уақытында заңдастырмаса, не болады? Бұл сұраққа Астана қалалық полиция департаментінің өкілі жауап берді,-деп хабарлайды Қазақпарат.

Шетелдік көлік ел аумағына елген соң белгіленген уақытта заңдастырылмаса, полиция ондай мүлікті автотұраққа апарып тастайды. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті, әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков бас қалада өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Шетелдік көліктерді заңдастыру – бірреттік акция. Ол биыл 23-қаңтарда басталып 1-шілдеге дейін жалғасады. Шетелдік автомобильді талап бойынша тіркемеген жағдайда заңға сәйкес, жауапкершілік қарастырылады. Еліміздегі шетелдік көліктердің дені сақтандыру полисі негізінде қолданылып жүр. Егер автомобильді белгіленген уақытта заңдастырмаған жағдайда сақтандыру полисі тоқтатылып, көлік коммуналдық автотұраққа қойылады», — деді Елжан Чупеков.

Чупековтың сөзінше, бүгінде Қазақстан аумағында сақтандыру полисімен ғана жүрген 300 мыңнан астам шетелдік автокөлік бар.

Фото: zakon.kz

Related posts

Жол ережесі тағы өсті

editor

Детская городская инфекционная больница Алматы получила 2 новых аппарата ИВЛ

ttjk

Депутаттар Талғардағы оқиғаның мән-жайымен танысуға барды

editor