Шенеунік11 млн теңгеден астам айыппұл арқалады

Ақтауда прокуратура шығарған актіні уақытылы қарамаған шенеунікке айыппұл салынды.

Маңғыстау облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірлік әділет департаментінің орынбасары қадағалау органының актісін уақытылы қарамағаны үшін сот қаулысымен 8 АЕК көлемінде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс прокурордың ұсынуымен қарау мерзімін реттейтін «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның талаптарын өрескел бұзғаны үшін қозғалып отыр.Атап айтқанда, лауазымды тұлға заңда белгіленген мерзімге қарамастан, қалалық прокуратураның ұсынуын бір айдан астам уақыт бойы тиісінше қарау жөнінде шараларын қабылдамаған.

Прокуратураның талабынан кейін ұсынудың қарау қорытындысымен 8 жеке сот орындаушы тәртіптік жауаптылыққа тартылған. Мемлекет кірісіне 11 млн теңгеден астам қаржы өндіріліп, мемлекеттік қызметкер өз кінәсін толық мойындап, салынған айыппұлды төлеген.

Related posts

TOROSLAR’DA TÜRK DÜNYASI RÜZGÂRI ESTİ!

ttjk

 Қақтығыс аймақтарынан Қазақстанға 526 бала оралды

editor

Бүгінгі балалар виртуалды әлемде өмір сүреді

editor