Шенеунік баласының оқу ақысын төлеуге өзгелерді міндеттеген

Қызылордада кәсіпкерлерді ұлының оқу ақысын төлеуге міндеттеген экс-шенеунік сотталды. Бизнес өкілдерінің жұмыс істеуіне мүмкіндік бермей, лауазымын асыра пайдаланған бұрынғы басқарма басшысы 9 ай бас бостандығынан айырылды.

Сотталушы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарып отырған тұста ұлының бір жарым миллион теңге оқу ақысын кәсіп иелеріне төлеуді тапсырған. Бұдан бөлек, бизнесмендер құны 7 миллион теңгеге жуықтайтын дизель отынымен қамтамасыз етіп отыруға міндеттеліпті. Сондай-ақ, кей кәсіпорындардың сұйытылған газ алуына заңсыз шектеу қойып, жұмыс істеулеріне кедергі келтірген. Экс-шенеуніктің бұл әрекетінен кәсіпкерлерге 27 миллион теңгедей шығын келген.

Басқарманың бұрынғы басшысы жасаған заңсыз әрекеттерінің барлығы сотта дәлелденді. Ендігі жерде экс-шенеунік өмір бойы лауазымды қызмет атқара алмайды.

Related posts

Солтүстік Эгей теңізіндегі әдемі Түркия аралдарын аралаңыз

Назия Жоямергенқызы

«Shymbulak» қысқы маусымы ашылды

Назия Жоямергенқызы

Теміржол апатынан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті

editor