Шекаралық бақылаудан өту жеңілдетіледі

Еліміздегі әуежайларда шекаралық бақылау рәсімін жеңілдету және жолаушылар үшін барынша ыңғайлы ету жоспарланып отыр. Мұндай ереже биыл 31 қаңтарға дейін көпшілік талқылауына жіберіледі. 

Бұл бастаманы Көлік министрлігі әзірлеп, тиісті бұйрық жобасын дайындаған. Жаңа ережелер жолаушылардың ұшу алдындағы және ұшып келгеннен кейінгі бақылау рәсімдерін жылдам әрі жеңіл өтуін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл үшін келесі шаралар қабылданады:

1. Әуежай стандарттарын әзірлеу:

Бақылау рәсімдерінен өту уақытына қатысты стандарттарды әзірлеп, оны Шекара қызметімен келісу ұсынылады.

2. Ақпараттық қолжетімділік:

Бақылау басталғанға дейін жолаушыларға қажетті талаптар туралы толық әрі түсінікті ақпарат беру.

3. Қызмет көрсету жылдамдығын бақылау:

Паспорттық бақылаудан өту жылдамдығын Шекара қызметімен келісіп, оның сақталуын қадағалау.

4. Автоматтандырылған жүйелерді енгізу:

Жылдық жолаушылар ағыны 1 миллионнан асатын әуежайларда автоматтандырылған паспорттық бақылау жүйесін енгізу. Бұл жүйені орнату әуежай операторларына жүктеледі.

Жаңа ережелер жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды және 2025 жылдың 31 қаңтарына дейін көпшілік талқылауына қолжетімді болмақ.

Related posts

Сарыкамыш: самая восточная вершина Турции

ttjk

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ ЕКІ«КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ» АШЫЛАДЫ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЕКІ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

АЛМАТЫҒА ТҮРКИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

Назия Жоямергенқызы